![]()
«ІЗДЕНІМПАЗ, ЗЕРЕК, ОЙЛЫ, ШЫРАЙЛЫ ШАРА»
Жақсылыққа жақын, алғы күнге үмітпен қарайтын көркем де келісті балауса Рустамқызы Шара 2012 жылдың 25 қаңтарында толқыны жағаға ұрған, Жайығында балығы тулаған, мұнайы қайнаған, небір дана кісілер, ақындар, дарындылар дүниеге келген киелі жер, шырайлы өлке, мұнайлы өлке Атырау қаласында дүниеге келді. Өнегелі отбасында өмірге келіп, ата-анасының сүйіспеншілігі мен махаббатына бөленіп, тәрбиелі, ізетті, ізденімпаз болып өсіп келеді.
Қазынасы ортаймайтын берекелі де ырысты өңірде бақытқа толы балалығын өткізген Рустамқызы Шара Атырау қаласындағы №38 мектеп-лицейдің 2-сыныбында білім баспалдағымен біртіндеп өрлеуде. Өзге ортаға тез үйренісіп кететін ашық мінезді, қолына алған істі аяқсыз қалдырмайтын, жауапкершілігі мол шәкірт салауаттылықты ұстанған мерейлі отбасында дүниеге келгенін мақтан етеді. Әркез әділ сөйлеп, адал болуға тәрбиелеп келе жатқан әкесі мен жүзіне мейірім, жүрегіне имандылық ұялаған анасының үкілі үміті, көзқуанышы мен жарқыраған шамшырағы Шара ағылшын тілі мен орыс әдебиетін сүйіп оқиды. Ынтасы зор білімпаз шәкірт Шара «Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы» деген ұстанымды басшылыққа алған өрелі өрендер қатарында.
Сүйікті ісі: Ән айту, кітап оқу, сурет салу, би билеу.
Арманы: Жоғары білім алу, майталман маман, ата-анасының мақтанышы болу.