Аманбай Айша

Рейтинг:

«БИІК БЕЛЕСТЕРДІ БАҒЫНДЫРЫП, ДӘРІГЕР МАМАНДЫҒЫН ИГЕРУ МАҚСАТЫМ»
 
      Қолына алған істі ұршықша иіріп алып кететін алғыр, өзіне тапсырылған жұмысты аяғына дейін жеткізбей тынбайтын жауапкершілігі мол, қабілетті Айша Аманжолқызы 2010 жылдың 4 шілдесінде Атырау қаласында дүниеге келді. «Бейби клуб» балабақшасында жүргенде-ақ қабілеттілігін танытып, өткізілген іс-шараларда тәрбиешілерін тәнті еткен жас – бүгінде №38 мектеп-лицейінің үздік оқушыларының бірі. Өнегелі тәрбиесінің тал бесігі, мөлдір бұлағы болған атасы Наурызбаев Аманбай мұнай саласының еңбегі сіңген бұрғылау шебері болса, ақыл-кеңесінің салмағы алтыннан да басым түсетін әжесі Наурызбаева Гүлсара – қолы шипалы, сөзі дуалы жоғары санатты дәрігер. Аласармас асқар тау әкесі Наурызбаев Аманжол менеджерлік салада қызмет етсе, жүрегіндегі мейірім жүзінен төгіліп тұрған анасы Таженова Айдана экономика саласында есепші болып еңбек етеді. Би ырғағында бұрымы да қосыла билеген сымбатты Айшаның Мұхаммед, Саид есімді бауырлары бар.
      Мектеп бағдарламасын толық меңгеріп, алғашқы сыныптардан-ақ оқуға деген ынта-ықыласы ерекше болып, сыныпішілік, мектепішілік өткізілген білім сайыстарына қатысып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Талаптың тұлпарын мініп, талай пән сайыстары мен интеллектуалдық жарыстарда қатарластарынан қара үзіп, оқ бойы озып келіп жүрген талантты оқушы сабақты да өте жақсы деген бағаға оқып, оқу жылының соңын Мақтау қағазымен аяқтап келеді. Бақыттың құлпын тек еңбектің кілті ғана ашатынын білген дарынды шәкірт білім деңгейін көтеретін пән апталықтарына да белсене қатысып, өзін жақсы жақтарынан көрсетіп, сыныптастарын алға жетелеп, оқуға деген құлшынысын арттыруда аянған емес. Қандай ортаға барса да еркін араласып кете беретін ашық мінезді, ақ жарқын, ақ көңіл қыз – қолында барын жолдасымен бөлісетін жаны жомарт, көмекке мұқтаж жанға көмегі дайын тұрар мейірімді оқушы. Мұғалімнің айтқанын лезде қағып алатын алғыр, қандай сайыста да, істе де дұрыс шешім қабылдай білетін қабілеті мол Айша қазақ қызына тән бар болмысты, сұлулық пен сымбаттылықты, ибалық пен инабаттылықты, адалдық пен әдептілікті, тағы басқа ерекше қасиеттерді бойына сыйдырған қандай мақтауға да тұрарлық жас талант иесі!                 
Жетістіктері: 
      - 2015-2016 оқу жылы II «Би думаны» Атырау қаласы бойынша өткізілген би сайысынан III орын; 
      - 2017 жылы «Зерде» облыстық ғылыми жобалар байқауынан II орын; 
      - 2017 жылы Алматы қаласында өткізілген IV Халықаралық Өнер фестивалінен Диплом; 
      - 2017 жылы Астана қаласында өткізілген «Astana Grand Festival» ІІІ Халықаралық фестивалінен Мақтау қағазы; 
      - «Білімге жол» интеллектуалды марафонынан Сертификат; 
      - 2018 жылы Атырау қалалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауынан II орын; 
      - «Znamus» клубының ұйымдастыруымен өткізілген «Көктемгі Қазақстан» байқауынан II дәрежелі Диплом; 
      - «Мәңгі ел – Қазақстаным» атты сайыстан «Бас жүлде»;
      - 2018 жылы «ARTscene» театр студиясынан «Алғыс хат»; 
      - Мектепішілік өткізілген Ахмет Байтұрсынов өлеңдерінен көркемсөз оқу шеберлерінің сайысынан Бас Жүлде; 
      - 2018 жылы ІІ Республикалық «Жадыра, жас дарын!» фестивалінен II орын; 
      - 2018 жылы Алматы қаласында өткізілген Республикалық балалар театры «Қысқы ертегі» байқауы бойынша Бас жүлде иемденіп, мерейі үстем болды. 
      Сүйікті ісі: Кітап оқу, сурет салу, актерлік шеберлігін шыңдау, би билеу.
      Арманы: Жоғары білім алып, дәрігер болу.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости