Балтабай Айша

Рейтинг:

      Балтабай Айша Төребекқызы – «Білім арзан, білу қымбат» деген ұстанымдағы талғампаз, сыпайы өрен. Оқуда озат, сыныпта белсенді, ажарлы Айша Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде 2010 жылы 2 тамызда жылуы мол жанұяда өмір есігін ашқан. Асыл әжесі Шілдебаева Ботагөз Күнжігітқызы №6 «Ботагөз» балабақшасында тәрбиеші-көмекші қызметінде. Сөзіне ісі сай қамқор әкесі Қасым Төребек Балтабайұлы – №6 «Ботагөз» балабақшасының күзетші қызметінде. Алтыннан қымбат асылзат анасы Кузербаева Жанар Еркінбекқызы – «Сырдария аграрлы-техникалық колледжінің» директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметінде. Айша – отбасының  тұңғышы, ізінен ерген інісі Айқын – кішкентай сүйкімді бүлдіршін, 2019 жылы 3 шілдеде дүниеге келген. Кішкентайынан өте зерек, табиғатынан  сезімтал,  ақжарқын Айша «Ботагөз» балабақшасына барып, дүниетанымын кеңейтті. «Білімді болу – заман талабы» дегенді басшылыққа алып, Иса Тоқтыбаев атындағы №35 мектеп-лицейінің табалдырығын аттады. Мектебі, ұстазы, сыныптастары – бәрі жанына жақын жандар, өзіне қатты ұнайды. Қазіргі таңда ізденімпаз шәкірт 4 «А» сыныбында білікті маман, ұлағатты ұстаз Жұмабекқызы Айжанның жетекшілігімен білім көкжиегін бағындыруда.
     Жетістігі: «Әрқашан әділ болу, адамгершілікті жоғары ұстану» деген қағиданы берік ұстанатын Балтабай Айша 1-3 сыныпты үздік оқығаны және үлгілі тәртібі үшін Мақтау қағазымен марапатталған. «Жыр жүйрігі – Мұқағали» атты 1-4 сынып оқушылары арасындағы Мәнерлеп оқу сайысында үздік өнер көрсеткені үшін Балтабай Айшаға Алғыс хат табыс етілді. «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында І орын Диплом иегері атанды. Халықаралық «ПОНИ» сайысының қатысушысы ретінде Сертификат, Диплом иемденген. «Человек и природа» Халықаралық зияткерлік сайысының және «Золотое руно» зияткерлік байқауына  қатысып, ІІ орын Диплом иегері атанды. «Мәңгілік елдің болашағымыз» атты апталықта «Білімді ұрпақ – ел қазынасы» интеллектуалдық олимпиадасының жеңімпазы ретінде ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталып, жетістіктерін еселей түсті. 
      Сүйікті ісі: Кітап оқу, ән айту, ертегілер тыңдау және оқу, қолөнермен айналысу, сурет салу.
      Арманы: Жоғары білім алу, медицина саласының білікті маманы, дәрігер-кардиолог болып, халыққа адал қызмет ету.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости