![]()
«КІТАП – АҚЫЛЫНА АҚЫ СҰРАМАЙТЫН АЛТЫН ҚАЗЫНА»
«Мәңгі ел, Қазақстаным!» атты шығармашылық байқауда «Жалын» би тобы құрамында Гран-Приді жеңіп алған өнерпаз Аяулым Саянқызы 2009 жылдың 3 шілдесінде Алматы облысы, Қапшағай қаласында дүниеге келді. «Ақ бота» балабақшасында тәрбие бұлағымен сусындап, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының 5 «В» сыныбында білім алып келеді. Ұлағатты ұстаздары Акрамханова Гүлжиян, Сарсекенова Самал, Аманкулова Жадыра, Бейсенғазина Райхан, Ақылбаева Алия есімді апайларына, хореограф Токенова Қарлығаш апайына айтар алғысы шексіз. Асқар таудай әкесі Саян мен асыл анасы Фариза – бала тәрбиесін басты орынға қойған жандар. Аяулым – сыныпта оқу озаты, сынып белсендісі. Ізінен ерген Қайсар, Айым есімді бауыр, сіңілісі бар.
Жетістігі: 2016 жылы «Мәңгі ел, Қазақстаным!» атты оқушылар мен жасөспірімдер фестивалінің Гран-При жүлдегері. 2016 жылы «Егеменді елдің болашағы – білімді ұрпақ» атты шығармашылық апталықтың Мадақтамасы, 2017 жылы мектепішілік пән олимпиадасынан ағылшын тілі пәні бойынша I орын жүлдегері. «Astana Grand-PRIX» фестиваль-байқауынан І орын, 2018 жылы №24 Балалар өнер мектебі басшылығы атынан Мадақтама, облыстық «Балапан» зияткерлік турнирі мен «ПОНИ» Халықаралық байқауының Сертификат иегері. «Көктем аруы – 2018» сайысынан I орын, 2018 жылы «Renaiassance» байқауынан Гран-При және «Таңғы шұғыла» шығармашылық байқауы бойынша «Шабыт» хореографиялық ансамбль құрамында I дәрежелі Диплом иегері. «Менің Отаным – Қазақстан!» атты сурет көрмесінен Мадақтама, 2019 жылы «Назқоңыр» домбырашылар ансамблінің мүшесі ретінде Ахмер орта мектебі атынан Мадақтама, «Жарық жұлдыз» атты өнер байқауында «Аспапта ойнау» жанры» бойынша II орын, «Қазақстан таланты» Халықаралық көпжанрлы фестиваль-байқауынан «Назқоңыр» аспаптық топ құрамында I орын мен Гран-При, 2019 жылы Республикалық «Зерде» байқауының қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша I орын иегері атанды. Қалалық ғылыми жобадан І орын алды.
Сүйікті ісі: Кітап оқу, би билеу, ғылыми жұмыстармен айналысу, музыка тыңдау.
Арманы: Білім мен өнерде табысқа жетіп, танымал тұлғаға айналу.