Ертісқызы Айзада

Рейтинг:

«ЖЫРҒА ТОЛЫ, СЫРҒА ТОЛЫ ЖЫЛЫ ЖҮРЕК ИЕСІ»

      Ақынжанды қыз Айзада Ертісқызы Өскемен қаласында 2009 жылдың 9 ақпанында дүниеге келді. «Нұршуақ» балабақшасында тәрбиеленіп, бүгінде қаладағы Ж.Жабаев атындағы №4 орта мектепте білім алуда. Асылзат әжесі Забай Ратайдың аңыз жырларын құлағына құйып, рухани жандүниесін байытып келеді. Аласармас асқар тау әкесі Нитай Ертіс пен жүрегі мейірімге толы анасы Уатхан Манаттың сөнбес шоқжұлдызы Айзаданың Есіл, Аялы есімді бауырлары бар. Айзада – сыныпта оқу озаты, сынып белсендісі.  
      Жетістігі: 1-4 сыныптары бойынша Мақтау қағаздарының иегері. Даярлық сыныбында спорттық акробатикадан облыстық турнирінің қатысушысы. Мектепішілік  пән олимпиадасында математика пәні бойынша III орын, «Көктем гүлі» атты өнерпаздар байқауының Гран-При иегері. Мектепішілік «Күз Ханшайымы» байқауынан I дәрежелі Диплом иегері. «Менің ұстазым»  шығарма жазу байқауынан I орын, мектепішілік пән олимпиадасынан ағылшын тілі бойынша жүлделі I және ІІ орын, дүниетану пәні бойынша І және III орын, математика пәнінен III орын, «Қадірлі, бағасы алтын – ана тілім!» атты сайыстан III орын, мектепішілік «Абай мен Мұқағали оқулары» байқауынан «Қасиетіңнен қара өлең, Айналайын!» номинациясы  бойынша III орын жүлдегері. «Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты мәнерлеп оқу сайысынан III орын, «Абай оқулары» байқауының «Өлең – сөздің патшасы» номинациясы бойынша I орын, «Кенгуру – математика для всех» және «Ақ бота» зияткерлік сайыстарының Сертификат иегері. «British Bulldog» ағылшын тілі пәні бойынша Халықаралық ойын-байқауының қатысушысы.
      Сүйікті ісі: Өлең шығару, сурет салу, әсем ән тыңдау, анасына көмектесу.
      Арманы: Басшылық қызмет атқарып, халыққа қалтқысыз қызмет ету.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости