![]()
БОЛАШАҚ РОБОТОТЕХНИКА МАМАНДЫҒЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ
«Білім ордасының қоғамдық өмірінде аса
![]()
жауапкершілік жүктеп, көшбасшылық танытқан оқушылардың келешекте биік белестерді бағындыратынына сеніміміз мол. Сіздің болашақта Отан алдындағы міндетіңізді адал орындап, ел азаматы болатындығыңызға кәміл сенеміз» деп мағыналы сөздермен жазылған лицей директоры Ж.Ж.Телемисовтың алғысын алып, «Лицей жұлдызы» атанған Дияс Ерденұлы – алғыр, қабілетті, өте талантты шәкірт. Қиюы қиын легоны оңай құрастырып, роботехника жарыстарында мектеп намысын қорғап жүрген Дияс 2003 жылдың 21 наурызында өмірге келді. Қандай іске де белсене араласып кететін өрелі өрен «Таңшолпан» балабақшасында тәрбиеленіп, бүгінде Қазақ-түрік лицей-интернатында білім алып келеді. Асқар тау әкесі Уатаев Ерден адалдық пен адамгершілікке тәрбиелесе, мейірімі мол аяулы анасы Уатаева Жаңыл әдепті болуға, үлкенді құрметтеуге баулып келеді. Ғылым әлеміне қол созған Диястың Ақерке есімді сұлу да сүйкімді қарындасы бар.
Жетістігі: «Менің Отаным – Қазақстан!» атты суреттер сайысынан III орын, «Инфоурок» жобасы аясында өткен география пәні бойынша II орын, орыс тілі пәні бойынша I орын және Сертификат, «Кенгуру – математика для всех» Халықаралық интеллектуалдық марафонынан III орын, «Ақ бота» Республикалық интеллектуалдық марафонынан ІІ орын, 2015 жылы «Человек и Природа» Халықаралық ойын-байқауынан, «Кенгуру – математика для всех» Халықаралық интеллектуалдық марафонынан, «Русский медвежонок – языкознание для всех» байқауларынан Сертификат, «Роботехника: Arduino 2017» сайысынан «Лучший дизайн проекта» номинациясы бойынша Диплом, 2017 жылы Астана қаласында өткізілген «РобоФинист» Халықаралық робототехника фестивалінен Диплом иемденіп, мерейі үстем болды. 2018 жылы 16-18 мамыр күндері оқушылар арасында өткізілген «Kazakhstan Robotocs Challenge – 2018» атты Республикалық робототехника сайысында көрсеткен ерекше өнерта
![]()
пқыштығы мен конструкторлық идеясы үшін II орын мен Қола медаль жеңіп алды. Білім сайыстарында жеткен жетістіктері мен жүлделі жеңістері үшін мектеп директоры атынан Алғыс хат, 2018 жылы ҚР-ның Білім және ғылым министрлігі және «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 5-10 сынып оқушылары арасында тарих пәнінен «Тарих-ата» XIII Республикалық қашықтық олимпиадасынан I дәрежелі Диплом және белсене қатысқаны үшін Сертификат иемденді. 2018 жылы лицейішілік «Күмбірлеген домбыра үні» атты күйшілер байқауынан III орын, Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ-нің қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін 2018-2019 жылдары «Лицей жұлдызы» атағын екі мәрте иемденді. 2019 жылы мектеп оқушылары арасында өткізілген Республикалық дебат турнирінен Сертификат, «INFOMATRIX-ASIA 2019» Халықаралық жобасынан Қола медаль және Сертификат иегері. «Kazakhstan Robotocs Challenge – 2019» атты Республикалық робототехника сайысынан ІІІ орын мен Қола медаль иегері. ҚР Тәуелсіздігі күніне және тарих пәні апталығына орай сынып командалары арасында өткізілген лицейішілік «Парасат – 2019» интеллектуалдық турнирінен «Үздік ойыншы» атанғаны үшін Диплом, «INFOMATRIX – ASIA 2019» Халықаралық жобасына қатысып, ерекше белсенділік танытқаны үшін Сертификат иегері атанды.
Сүйікті ісі: Робототехникамен айналысып, лего құрастыру.
Арманы: Робототехника саласының инженері, майталман маман атану.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()