ӨНЕРГЕ ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР
Жақыппар Нұрсұлу Қанатқызы 2007 жылдың 21 сәуірінде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында дүниеге келді. Жайылма ауылдық өнер мектебінде «Вокал» үйірмесі бойынша қабілетін шыңдап, Әйтеке би ауылындағы орта мектептің 7-сыныбында білім алып келеді. Ардақты әкесі Байулиев Қанат Жайылма ауылдық балалар өнер
мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарса, аяулы анасы Мустафаева Гулхан – Әйтеке би атындағы орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі. Зейнет жасындағы ата-әжесі Байулиев Жағыппар мен Айтбаева Кулаттың өнегеге толы тәлім-тәрбиесін көріп, талмай ізденіп, еңбектеніп келе жатқан Нұрсұлудың Сабина, Альбина, Нұрболат, Нұрәли есімді бауырлары бар. Мектепті үздік бітіріп, болашақта білікті мамандық иесі және домбырашы болуды қалайтын Нұрсұлу бос уақытында кітап оқып, ән айтып, домбыра тартып, отбасымен көңілді уақыт өткізеді.
Нұрсұлудың жетістігі: 2016 жылы «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты Республикалық шығармашылық байқауында «Вокал» номинациясынан ІІІ орын,
2017 жылы «Әлемді кітап арқылы танимын» атты «Ескен Елубаев оқулары» байқауынан ІІІ орын иемденіп, «Сырым бар жүрегімде» атты Республикалық көркем сөз, ән-би байқауында «Вокал» номинациясы бойынша І дәрежелі Диплом, 2018 жылы І Республикалық ән-би және өнер байқауының «Вокал» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі лауреат, «Сұлтан Қалиев оқулары» атты аудандық байқауының Алғыс хат иегері.
2019 жылы «Ұлттың ұлы мұрасы» Халықаралық өнер және білім фестивалінде «Вокал» бөлімі бойынша Күміс жүлде, «Жарық жұлдыз» атты балалар өнер байқауында қолөнер жанры бойынша өнер көрсетіп, Бас Жүлде иемденіп, мерейі үстем болды. Qaztest.kz сайтында қашықтықтан өткен ІІІ Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасының ІІ дәрежелі Диплом және www.nio.kz Республикалық Ұлттық Интернет олимпиада сайты ағылшын тілі пәнінен қашықтық олимпиадасының І дәрежелі Диплом иегері.
Жолдыбай Бекзат Сапарғалиұлы 2007 жылдың 16 қаңтарында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында дүниеге келді. Жастайынан математика мен ғылым саласына әуес ұлан бүгінде Әйтеке би атындағы орта мектептің 7-сыныбында оқитын Бекзат, Жайылма ауылдық Өнер мектебінде дәріс алуда. Әкесі Айтжанов Сапарғали мен анасы Қойгелдиева Қолқанаттың үкілі үмітін арқалаған талантты жас Ерзат, Асылбек, Қарақат, Тоғжан есімді бауырларымен бірге өсуде. Талантты суретші Бекзат ІТ маманы болуды қалайды.
Бекзаттың жетістігі: 2015 жылы «Жұлдызды сағат» математика пәні апталығынан Мадақтама, 2017 жылы 2004-2005 ж.т. жасөспірімдер арасында өткен Сарысу ауданы біріншілігінен ІІІ орын,
2017 жылы кіші футболдан мектепаралық жарыстан, Пенджикент қаласында өткізілген Халықаралық «Ұлы жібек жолы» шығармашылық конкурсынан және
футзалдан өткен аудандық турнирден ІІІ орын иемденіп, аудандық Жас техниктер мен өнертапқыштардың байқауынан ІІ орын жүлдегері атанды.
2018 жылы Республикалық ән-би және өнер байқауының қолөнер номинациясы бойынша І орын, V облыстық Жас техниктер мен өнертапқыштардың шығармашылық жарысының Сертификат иегері. 2019 жылы аудандық «Өнерге қанат қаққандар» атты өнер байқауынан және «Қош келдің, құтты Наурызым» атты аймақтық байқауынан ІІІ орын алып, Жас ақындар мен әдебиетшілер жиыны 14 ауысымында «Жайдарман» үйірмесіне қатысқандығын растайтын Сертификат иегері атанды.
Сайлау Жансая Ерболқызы 2009 жылдың 13 наурызында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында дүниеге келді. Жаны жайсаң әжесі Қарынбаева Қаражанның шамшырағы, сүйікті немересі. Асқар тау әкесі Есентоғаев Ербол мен асыл анасы Абилдаева Хатираның ата-аналық қамқорлығына оранып, бауырлары Нұрлан, Нұржан, Гүлсаямен бір шаңырақтың ішін шаттыққа бөлеп өсуде. Әжесінің үйретуімен қолөнерді меңгеріп, тоқыма тоқу, моншақпен түрлі жұмыс жасаудың шебері Жансая – Әйтеке би орта мектебінің оқушысы.
Жансаяның жетістігі: Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының ұйымдастыруымен «Жарық жұлдыз» атты балалар өнер байқауында «Қолөнер» жанры бойынша II орын, «Talantty jastar» Халықаралық өнер және білім байқауында қатысып «Қолөнер» және «Бейнелеу бөлімі» бойынша Лауреат атанды.
Аудандық «Өнерге қанат қаққандар» атты өнер байқауына қатысып өнер көрсеткені үшін Алғыс хат иемденген өнерпаз.