![]()
«ОКСФОРД НЕМЕСЕ КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ БІРІНДЕ БІЛІМ АЛЫП, АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ФРАНЦУЗ ТІЛДЕРІН ЕРКІН МЕҢГЕРГІМ КЕЛЕДІ»
Жас та болса биік белестерден көрініп, талай шыңдарды бағындырып жүрген жас дарын Балнұр Махсатқызы 2007 жылдың 3 сәуірінде шырайлы өлке Шымкент қаласында дүниеге келді. Үлкен әжесі – Мұстафа Шоқайдың немере қызы Мадина Шоқай «Балнұр» деп есімін қойды. Күн өткен сайын көріктеніп, сұлу табиғатымен ажарланып келе жатқан қаланың №93 «Қазығұрт» бөбекжай-балабақшасында тәрбиеленіп, бүгінде Қарсыбай Сыпатаев атындағы №7 мектеп-лицейінде білім
![]()
алып келеді. Атасы Шермаханов Жаңабай мен «айналайыны» оттан да ыстық әжесі Такибаева Ғалияның өнегелі тәрбиесін көріп өсті. Бастауыш сыныптардан-ақ мұғалімдерінің көзіне түсіп, алғыс ала білген алғыр да талапты жастың әкесі Шермаханов Махсат «Britіsh American Tobacco Kazakhstan» фирмасында «мерчендайзер» болып еңбек етсе, мейірбан анасы Баймурзаева Жанат – шаңырақтың береке-бірлігін кіргізіп отырған ардақты ана. Балалық әткеншегінде бірге тербелген Қарақат, Айару, Дінмұхамед, Нұрбақыт есімді бауырлары бар. Балнұрдың алар асулары әлі алда.
Жетістігі: №93 «Қазығұрт» бөбекжай-балабақшасында топтар арасында өткізілген «Өнерліге өріс кең» атты сайысынан Мақтау қағазымен марапатталған. 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы оқушылары арасында өткен «Алтын ұрпақ – 2015» зияткерлік олимпиадасынан III орын жүлдегері. 2016-2017 оқу жылдары Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен қазақ тілі олимпиадасындағы үздік білімі үшін I дәрежелі Диплом және 2017 жылы математика пәні бойынша өткізілген Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасынан I дәрежелі Диплом иегері. 2017 жылы Болгарияның Сланчев Бряр қаласында «Chernorizec hrabar» жобасы аясында өткен XXVI «Mathematics and Informatics Tournament» жарысынан Қола медаль иемденіп, мерейі үстем болды. Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен математика пәні олимпиадасында жеткен жетістіктері үшін II дәрежелі Диплом иегері.
2018 жылы «Философских знаний по методике международного бакалавриата» негіздері жөнінде өткізілген Халықаралық олимпиададан I орын және Study Lnn мен Евразиялық технологиялық университетінің стипендианты. 2018 жылы Зерделі-Интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы талантты оқушылар арасында өткізілген «Орта ғасырдағы қазақ жерінен шыққан даналар» байқауына белсене қатысып, тапқырлығымен, шығармашылық дарынымен, өз ортасында алғыр, озат, білімділігімен көзге түскені үшін I дәрежелі Дипломмен марапатталды. 2018 жылы Мектепішілік пән олимпиадасынан қазақстан тарихы пәні бойынша қатысып, өз білімділігін көрсеткені үшін I орын, 2019 жылы Шымкент қаласының 2-11 сынып оқушыларының «ALTYN QYRAN – ерекше дарын иесі» зияткерлік олимпиадасының III орын жүлдегері. Мектепішілік орыс тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасында ІІІ орын алды.
Сүйікті ісі: Ән айту, кітап оқу, музыка тыңдау, табиғат аясында демалу.
Арманы: Мектепті бітірген соң Оксфорд, Кембридж университеттерінің біріне түсіп, ағылшын, француз тілдерін еркін меңгеретін білікті маман атану.