ЖҮЙРІКТЕРДІҢ ЖҮЙРІГІ, ҮЗДІКТЕРДІҢ ҮЗДІГІ
Мектепте өткізілген барлық іс-шараларға үзбей қатысып, сынып беделін көтерумен қатар өзінің қабілетін шыңдап жүрген Исабек Жаннұр 2010 жылдың 15 шілдесінде қазаны ортаймаған Қызылорда қаласында дүниеге келді. Зерделі қыз көктемдей жайнаған балалық шағын Қызылорда қаласындағы «Бейбарыс» шағын орталығында, «Сыр дидары» балабақшасында өткізіп, өнегелі тәлім-тәрбиенің мөлдір бұлағынан дәм татты. Кішкентайынан-ақ бойындағы ерекше қабілетін таныта білген дарынды өрен мектеп табалдырығын С.Әлжіков атындағы №144 орта мектепте аттап, бүгінде Тәкей Есетов атындағы №264 м
ектеп-лицейінде білім алып келеді. Кеудесі асыл сөздерге толы әжесі Керейтбаева Нағиманың мағыналы аңыз-жырларын тыңдап өсті. Алатаудай асқар тау әкесі Керейтбаева Қанатбек пен ыстық мейірім иесі, аяулы анасы Байқазақова Гүлжайнаның үкілеген үміті, шамшырағы. Әдептіліктің үлгісін көрсетіп, үлкенге құрметі ерекше, кішіге ізеті басым Жаннұрдың Ерасыл, Бейбарыс, Сезім, Қуаныш есімді бауырлары бар.
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап-ақ, сыныптан-сыныпқа тек Мақтау қағаздарымен ғана көшіп отырды. Интеллектуалды сайыстарда қарсыластарынан қара үзіп шығатын кемелдігі басым, командаластарын алға жетелей алатын Жаннұр бір сыныптың ғана емес, бүкіл бір мектептің мақтанышы. Мектепішілік, облыстық, республикалық пәндік олимпиадалар мен өнер, шығармашылық жарыстарда топ жарып, интернет арқылы қашықтықтан өткізілген додалардан қоржыны бос қайтып көрмеген жеңімпаз қыз қатарластарының арасында сыйлы, құрметке ие. Мектеп бағдарламасын терең меңгерумен қатар сабақтан тыс уақытын да қосымша сабақтарға барып, үй шаруасында анасына да көмектесіп үлгеріп, салауатты өмір салтын ұстанып келеді. Сайыстардан бірінші болып келіп ұстаздарының үмітін ақтап жүрген талантты да, қабілетті Жаннұр – қандай да мақтауға лайықты оқушы.
Жетістігі: 1-3 сыныпты өте жақсы оқығаны үшін және үлгілі тәртібі үшін Мақтау қағазымен марапатталған. 2016 жылы «Сырдария» балалар сауықтыру лагерінің III ауысымында өзінің ізденімпаздығымен, түрлі іс-шараларда белсене атсалысқаны үшін «Астана» тобының тынығушысы қатарында Мақтау қағазын иемденген. 2019 жылы білімпаз шәкірт «Жарқын» Республикалық ғылыми-ақпараттық танымдық-тәрбие журналының ұйымдастыруымен өткен «Шұғылалы мерекелер мезгілі» атты байқауға қатысып, шығармашылық даралығы мен ерекше шеберлігін байқатып, үздік деп танылғаны үшін II дәрежелі Диплом иегері атанды. 2019 жылы Алматы қаласында өткен «Нұрлы Жастар» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы IV Республикалық көркем сөз, ән-би онлайн байқауында «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша өнер көрсетіп ерекше көзге түскені үшін арнайы Диплом және Қола медаль алып, мерейі үстем болды.
Сүйікті ісі: Кітап оқу, сурет салу, қолөнермен айналысу, музыка тыңдау.
Арманы: Актер және дәрігер мамандықтарын меңгеру, танымалдыққа жету.