Исмагулова Амира

Рейтинг:

«СҰЛУЛЫҚ ПЕН ӘСЕМДІК – ҚИЯЛ ШЕКСІЗДІГІ»

      Оның ішкі түйсігі мен ақыл-ойы әсемдікке құмар. Ол өзін қоршаған дүниені әсемдік, сұлулық көзқарасымен пайымдап, қайта құруға ұмтылады. Ол үшін адамның түрі де, киімі де, жаны да, ойы да әсем болуы керек. «Шынайы әсемдік адамның шығармашылық дарыны мен қабілетін неғұрлым толық және жемісті пайдаланып, нағыз көркем және сұлу тұлға мұратына ұмтылуға жігерлендіреді», – дейді қиялы жүйрік ару. Бұл – шығармашылық қабілеті ерекше, эстетикалық талғамы жоғары, әсемдік пен сұлулыққа жаны құмар Исмагулова Амираның болмысы. 2009 жылы 18 қазанда Орал қаласында дүние есігін ашқан талантты балауса Исмагулова Амира – атасы мен әжесінің, отбасының қырмызы гүлі, қылықты еркесі. №49 «Ақ Ниет» балабақшасынан тәлімді тәрбие алған Исмагулова Амира – қазіргі таңда Орал қаласындағы №43 Жалпы орта білім беретін мектебінің дарынды оқушысы. «Қызым менің – қырмызы қызғалдағым» деп еркелете маңдайынан сипаған анасы Мурзаева Мөлдір – аяулы ана, жоғары білімді модельер-дизайнер. Әпкесі Мурзабаева Әсем Сағажанқызы – ақылшы әпкесі әрі сырлас досы. Өмірден көргені мен түйгені мол шаңырақтың қадірменді қазыналары: атасы Мурзабаев Сағажан мен жаны мейірімге толы ақ әжесі Мурзабаева Меңсұлу отбасын күміс күлкісімен қуанышқа бөлеп отырған Амираның кемел келешегіне үлкен үміт артады, сеніммен қарайды. Амира кішкентай кезінен сұлулыққа, әсемдікке құштар болып өсті. Шығармашылық қабілеті ерекше. Өз қиялымен түрлі заттарды безендіріп, әсем дүниелерді сиқырлы қаламына серік етеді. Ойы ұшқыр, қиялы жүйрік талантты ару сурет салғанды ұнатады.
      Жетістігі:  «Ақ Ниет» балабақшасын  сәтті аяқтағаны туралы Диплом, №49 «Ақ Ниет» бөбекжайында «Ажарлы бүлдіршін» атағын иеленген Диплом алды. Халықаралық «ПОНИ» турнирінің қатысушы сертификаттары, Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонының қатысушысы Сертификаты, Дүниетану пәнінен өткен Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасының жеңімпазы, Жоғары зияткерлік дағдысы мен шығармашылық табыстары үшін Мадақтама иегері. «Продюсерский Центр КZ FILM» орталығының үш айлық курсын бітіргендігі Сертификатын иеленген.  
      Сүйікті ісі: Сурет салғанды ұнатады. Себеттер мен түрлі гүлдестелерін безендіру – жанына жақын.
      Арманы: Заманауи кәсіби дәрігер атану.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости