Қабдығали Сабина

Рейтинг:

ОН САУСАҒЫНАН ӨНЕР ТАМҒАН ТАЛАНТТЫ ЖАС
 
      Қағаздан түрлі киім үлгілері мен ермексаздан түрлі мүсіндерді жасайтын, он саусағынан өнер тамған Қабдығали Сабина 2012 жылдың 4 мамырында қазаны ортаймайтын қазыналы өңір Атырау қаласында дүниеге келді. Сүйкімді балдырған Атырау қаласындағы №10 «Құлыншақ» балабақшасында тәрбиеленді. Жүрегінде жалын тулап, жанарында от ұшқындаған жас дарын Сабина – Атырау қаласындағы №36 мектеп-гимназиясының 2 «Ә» сынып оқушысы. Балдырған шағынан өте алғыр, шапшаң қимылдап, қай нәрсеге де ептілігін аңғартып, ерекше болып өскен қыздың рухани байлығы әжесі Хамидуллина Ақзиба – Батыр ана, зейнеткер. Әкесі Сеитов Абзал – Атырау жылу электр орталығында диспетчер болып қызмет етеді. Балалық көктемін гүл етіп, өмір жарығын сыйлаған анасы Сатқанғалиева Гүлжихан №3 қалалық емханада мейірбике болып жұмыс атқарады. Шаңырақтың ішін шаттыққа бөлеп, әулеттің шырайын сәби күлкісімен толтырып жүрген Сабинаның Алия, Дария есімді әпкелері бар.
      Зейінді шәкірт жыл соңын тек Мақтау қағазарымен ғана аяқтап, мектепішілік өткізілген пән олимпиадалары мен спорттық сайыстарға қатысып, шыңдалып келеді. Мектепте үздіктер көшін бастап, сынып мерейін көтеретін жарыстарда жүлдегерлер қатарынан түскен емес. Сабақтан тыс уақыттары анасына үй шаруасына көмектесіп, өзі де қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысады. Он саусағынан өнер тамған Сабинаның келешегі кемел, болашағы жарқын болары анық.
      Жетістігі: Бастауыш сыныптарды өте жақсы оқығаны және үлгілі тәртібі үшін Мақтау қағаздарының иегері. Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қалалық «Тіл – ұлттың қазынасы» атты байқауынан Алғыс хат иемденген. 2017 жылы мектепішілік «Толағай» спорттық жарысына қатысып, «Сұңқар» тобына басшылық етіп, I орынды жеңіп алып, мерейі үстем болды. 2017 жылы қараша айында өткізілген мектепішілік «Армысың, алтын күз!» ертеңгілігінде «Күз ханшайымы» болып қатысып, іс-шараның өткізілуіне белсенді үлес қосқаны үшін Алғыс хат алды. 1-сынып оқушылары арасында өткізілген мектепішілік байқауынан «Көркем жазып үйренейік!» байқауынан ерекше қабілетімен танылғаны үшін II орын алған жүлдегер. 2019 жылдың желтоқсанында мектептің алдыңғы қатарлы озат оқушылары мен тек талантты, ерекше қабілетті оқушылардың ұйымына қабылданды. Солардың бірі – Сабина Абзалқызы.
      Сүйікті ісі: Логикалық есептер шығару, матадан қуыршаққа киім тігіп, ермексаздан түрлі мүсіндер жасау.
      Арманы: Жоғары білімді маман, білікті заңгер болу.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Гүлрайхан- 26 июня 2020 14:53
Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Жарайсың Сабина💞Осылай үлкен белестерден көріне бер.Жас талант☝🏼❤️

Последние новости