Тастыбай Нұрсейт

Рейтинг:

«ҮЛКЕН ӨНЕРГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКІМ КЕЛЕДІ»
 
      Мектепте өткізілген мәдени және тәрбиелік іс-шараларға белсене қатысып, көрермендердің көзайымына айналған, мектепішілік «Жас өрен» театрында өнер көрсететін өнерлі өрен Тастыбай Нұрсейт Русланұлы 2005 жылдың 15 ақпанында еліміздің сұлу өңірі Көкшетау қаласында дүниеге келді. Жас болса да ойы озық, ойлау қабілеті ерекше, бойындағы әртістік қабілетінің арқасында өнерге бір табан жақын Нұрсейт – қаладағы №36 «Аққу» балабақшасының түлегі. Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды, мектеп талабына сай киінетін, өзін әрдайым таза ұстайтын әдепті де иманды Нұрсейт Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінде үздік оқушылардың қатарында білім алып келеді. Кемел ойлы атасы Токушев Тастыбай мен асылзат әжесі Токушева Сайран – елге құрметті абыройлы жандар. Қамқор әкесі Токушев Руслан - Ішкі Істер саласында қызмет ететін беделді азамат. Алтын жүректі анасы Токушева Айжан – отбасының ұйтқысы. Көпшіл, мейірімді Нұрсейттің Елдос, Гүлім есімді бауырлары бар.
      Жетістігі: «Рухану жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген қалалық және мектепішілік тәрбиелік іс-шараларда жоғары орындаушылық шеберлігі мен үздік өнер көрсеткені үшін Грамотамен мадақталған білімпаз шәкірттің алар асулары ілі алда.
      Сүйікті ісі: Жыр жаттау, музыка тыңдау, сурет салу, қолөнермен айналысу.
      Арманы: Өнер саласында еңбек ету, актер болу. 

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости