Шамшілда Нұрай

Рейтинг:

«ЖАҚЫНДАРЫМНЫҢ АҚ ҮМІТІН АҚТАР ЖАҚСЫ АДАМ БОЛАМЫН!»
 
      Жайдары мінезді, ұшқыр ойлы, білімқұмар өрен. Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас аспанға ұшпай» деген халқымыздың даналық сөзі бар. Көкжиектен көтерілген күндей барша адамзатқа жылы шуағын шашар Шамшілда Нұрай ойы терең, қыры биік, тарихы шежірелі Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында  ынтымағы мен бірлігі жарасқан өнегелі отбасында 2009 жылдың қараша айының 8 жұлдызында өмір есігін айқара ашады. Оны ақ арманы алға жетелейді. Ол арайлап атқан әр таңында жақсы армандардың жетегіне ілесіп оянады. Нұрайдың отбасында алған тағылымды тәрбиесі болашағын айқындар даңғыл жолдың жарқын бастамасы екені айқын. «Баталы сөз – балаға азық» деген халқымыздың дана сөзінде айтылғандай, текті әулеттің жалғасы, қазыналы қарттары нағашы ата-әжесінің тәлімді тәбиесімен өсіп келеді.  Ізгілік жолынан таймай келе жатқан зерделі, талапшыл, мақсатшыл қыздың білімге деген құштарлығы асыл текті атасы Оңалбек пен ізгі ниетті, мейірбан әжесі Кенжегүлден берілсе керек. Арайлап атқан ақ таңдай жүзі жарқын, көңілі дархан, мейірімі шексіз анасы Гулзира перзенттерінің заманауи талапқа сай білім алуына бағыт-бағдар беріп, үнемі қолдау көрсетіп келеді. Отбасының тұңғышы, анасының ақ үміті болып жүрген Нұрайдың  ізінен ерген қос інісі: Дәурен мен Рамазан жанашыр әпкесін үлгі тұтады. Нұрай – өте бауырмал. «Бауырмен өмір мәнді» деген ұстанымдағы қыз інісіне ылғи қамқор болып жүреді. Сүйкімді балақай 2 жасында «Балдырған» балабақшасына барып, дүниетанымын кеңейтті. «Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек» деген болатын данышпан Абай. Білімсүйгіш шәкірттердің алдыңғы қатарындағы Шамшілда Нұрай қазіргі кезде Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 4«В» сыныбында білім баспалдағымен жоғары өрлеуде. Ізденімпаз шәкірттің ұлағатты ұстаз, сынып жетекшісі Кожагулова Арайлым Рапилбекқызына айтар алғысы шексіз. 
      Сүйікті ісі: Арманы асқақ, талабы таудан биік Нұрайдың қызығушылықтары сан алуан. Сұлулыққа, әсемдікке іңкәр әдемі қыз, көздің жауын алар хош иісті гүлдерді өсіріп-баптайды. Бос уақытында музыка тыңдап, қызықты кітаптарды оқығанды ұнатады.
      Арманы: Болашақта емделушілердің көңіліне сенім отын ұялататын, олардың сенімінен шығып, жылы сөзімен, ыстық ықыласымен емдейтін  ізгі ниетті дәрігер болу.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости