Хамитова Аружан

Рейтинг:

«БОЛАШАҒЫМДЫ БҮГІННЕН ЖАСАЙМЫН»
 
      2007 жылы 12 қаңтарда өмірге келген өнерлі өрен Хамитова Аружан Ерланқызы  – ата-анасының ерке қызы, үкілі үміті, жарқыраған шамшырағы. Қазыналы қарттарын кие тұтатын отбасының шаттығы, бүлдіршін Аружан өнегелі отбасында тәрбиесін жетілдіріп, дүние тану қабілетін дамытты. Отбасының тірегі, қамқоршысы, сөзіне ісі сай әкесі Нетказиев Ерлан Хамитұлы – шаруа қожалығының басшысы. Жылуы мол, ибалы да инабатты жан анасы Кожмбетова Самалды - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, білікті маман. Жанұяны күміс күлкісіне бөлеп жүрген әпкесі мен інісі – Аружан үшін аса қымбат. Жанашыр әпкесі Хамитова Алтынгул Ерланқызы Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 4 курс студенті.  Ізінен ерген сүйкімді інісі Хамит Ерхан «Сәулет» мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы. Ардақ тұтар атасы  мен әжесі – зейнеткерлер. Олар сүйікті немерелерінің жарқын болашағына сенеді, оның әр жаңа бастамасы мен жетістіктерін мақтан тұтады. Талабы таудай балауса БҚО, Тасқала ауданы, Белугин бастауыш мектебінің шағын орталығына 3 жастан бастап барып, әдеп әліппесін үйреніп, бастауыш сыныпты Тасқала ауданындағы   Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінде оқып бітірді. «Білім – қазына» деген ұстанымдағы Аружан  бүгінде «Сәулет» мектеп-лицейіннің  7-сыныбында білім алуда. Тілдік сауаттылығы мен танымын жетілдіру мақсатында, ағылшын тілі курсына қатысып отырады. Терең білімін саралап, ағылшын тіліндегі конкурстарға қатысқанды ұнатады. Бір сәт ырғақты әуеннің аясында би билеп, ән де салады.               

      Жетістігі: Мектепішілік «Inter-junior – 2016» бастауыш сынып оқушылары олимпиадасынан І орын алған жеңімпаз. Аудандық «Inter-junior – 2017» олимпиадасының І орын иегері. «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Бастауыш сыныптар» пәні бойынша Республикалық Қашықтық Олимпиадаға қатысып, жоғары көрсеткіштерді иеленгені үшін І дәрежелі Диплом иегері атанды.2017-2018 жылы дене шынықтыру және Алғашқы әскери дайындық апталығында тоғызқұмалақ ойынынан жүлделі ІІ орын иемденді. Облыстық «Импульс – 2018» жас зерттеушілер мен өнертапқыштар интеллектуалды турнирінің жүлдегері, ІІ дәрежелі Диплом иегері. «BRITISH BULLDOG» Халықаралық зияткерлік конкурсының І орын иегері ретінде, ,«Кенгуру – математика для всех» Халықаралық интеллектуалдық марафонынан Диплом иемденген. «Bebras – 2018» информатика және компьютерлік ойлау бойынша Халықаралық ойын-конкурсынан ІІІ орын алған Диплом иегері. 2019 жылы Математикадан өткен Республикалық қашықтық  интернет олимпиадасының жеңімпазы, ІІІ дәрежелі Диплом иегері. Халықаралық қашықтықтан өткен «Инфоурок» жобасы аясында 14 ұпаймен Диплом иемденді.
      Сүйікті ісі: Кітап оқу, сурет салу, музыка тыңдау, анасына көмектесу.
      Арманы:  Дәрігер, аудармашы мамандықтарын меңгеру, танымал тұлға болу.



Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости