«СПОРТ ПЕН БІЛІМ – БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ»
Сындарлы, талғампаз, зерделі Еразамат Ерланұлы Атырау облысы, Атырау қаласындағы өнегелі отбасында 2007 жылы шілде айының 10 жұлдызында өмірге келген. «Отбасы бақыты – адамзат баласына табиғаттың сыйға берген ең асыл құндылығы» деп санайтын зерек жас өз жарасымды жанұясын қадір тұтады, құрметтейді. Ақылы кемел нағашы атасы Утешкалиев Усир пен мейірімі мол, кеңпейіл әжесі Шаужанова Розаның ақыл-кеңесін тыңдап, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруде. Усир атасының тәрбиесін көріп қана қоймай, тегін атасының
есіміне өзгертуді қалап, атасын бір қуантты. «Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас аспанға ұшпай» деген халқымыздың даналық сөзі бар. Еразамат атасы Шаужанов Парух пен нағашы әжесі Бергалиева Санияның атына кір келтірмей, тек биіктерден көрінуге талпынып жүр. Талабы таудай ұланды әкесі Шаужанов Ерлан Парухұлы темірдей тәртіпке баулып, нағыз ер-азамат етіп тәрбиелеуде. Жастайынан жігіттіктің не екенін ұғынып өскен алтын асықтай ұл әке тәрбиесін бойға жиып, ана мейірімін көкірек сарайында қалыптастыруда. Шапағаты мол анасы Утешкалиева Асель Усирқызы – бала бақыты мен отбасын басты орынға қойғандардың қатарында. Бауырмал, көпшіл Еразаматтың Парух Нурислам, Ризахан және Каусар есімді сүйкімді бауырлары бар. Атырау қаласындағы №18 Балдырған балабақшасында тәрбиеленіп, білім алар кез келгенде өрелі өрен М.Бекмухамбетов атындағы мектептің табалдырығын аттады. Аталмыш мектепте 1-6 сыныптар аралығында білім алып, 7-сыныпта ІТ мектеп-лицейіне ауысып, «Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек» деген данышпан Абайдың сөзін басшылыққа алып, білім нәрімен сусындауда, Сабаққа ынталы, қоғамдық жұмыста белсенді жас дарын бос уақытында доп теуіп, бой сергіткенді ұнатады. Болашаққа мақсат қоюдағы дәлдікті, кез келген мәселеге сергектікпен қарауды, жат әдеттерден аулақ болуды дағдысына айналдырған. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортты жанына серік еткен Еразаматтың келешекте абыройлы азамат болары сөзсіз.
Сүйікті ісі: Кітап оқу, шытырман есептерді шығару, футбол ойнау, отбасымен бірге саяхатқа шығу.
Арманы: Оқуын ойдағыдай аяқтап, дәрігер-хирург болу. Мақсатына жету үшін ерінбей еңбек ету. Жақындарының үмітін ақтап, танымал тұлға, абыройлы азамат атану.