Тахир Дінмұхаммед

Рейтинг:

«МАҚСАТЫМ – ӘКЕМІНҢ ІЗІН ҚУЫП ЗАҢГЕР БОЛУ»
 
      Ұлт руханиятының алтын қазығы, небір шайырлар мен күміс көмей жыраулардың кіндік қаны тамған Атырау өлкесі таудан аққан бұлақтай таланты тасып тұрған жас өрендерге бай өлке. Дінмұхаммед Айбекұлы 2008 жылдың 15 желтоқсанында Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында дүниеге келді. Қаншама қарпып алсаң да қазынасы ортаймайтын берекелі өңір бала бойындағы үміттің отын тұтатып, қабілетін арттырды. Алғыр балақай «Бөбек» балабақшасында жүргенде өзін жақсы қырынан көрсете білді. Өткізілген мерекелік іс-шараларда сурет салу, қолөнер бұйымдарын жасауға деген ерекше ұмтылысымен тәрбиешілерін тәнті етті. Мектеп табалдырығын аттаған соң да қайнаудан шыныққан болаттай алға ұмтылып, жеңіс тұғырына көтеріліп келе жатырған Дінмұхаммед бүгінде «Бейнеу» КММ лицейінің үздік оқушыларының бірі. Көңілі бұлақ суындай мөлдір, тау ауасындай саф, мінезі көркем оқушы – данагөй қарттар атасы Алибаев Тахир мен әжесі Есенжанова Мадинаның сенім артып отырған үкілі үміті. Әкесі Алибаев Айбек жігерлі болуға, қайсарлыққа, батылдыққа үйретіп, қандай істе де шыдамды, сабырлы болуға тәрбиелеп келеді. Әдепті де тәрбиелі Дінмұхамедтің анасы Айтбаева Мираға деген көрсетер құрметі ерекше. Домбыра тартқанда көрермендерін еліктіріп, қоңыр дауыспен ән салғанда тыңдармандарын ән қанатында қалықтататын, өз қолымен жасаған қолөнер бұйымдары әділқазылардың жоғары бағасын алып жүрген өнерлі оқушының Нұртөре, Ғалымғазы, Айназым, Несібелі, Ақниет есімді бауырлары бар. Ата қанымен, ана сүтімен келген бойындағы бар дарынын күннен күнге өрістетіп, білім кемеліне келген шақта туған еліне қызмет ету парызым деп түсінген Дінмұхаммед – жаңа  заманның білімді ұланы, Қазақ елінің жарқын болашағы.       
      Жетістігі: 2017-2018 оқу жылында мектепішілік өткізілген «Қазақ халқының ұлттық ойындары» атты апталығында 3-сынып оқушылары арасында өткізілген «Білекті бірді жығар» күш сынасу, жұмбақ шешу сайысынан І орын, Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен Математика олимпиадасынан І дәрежелі Диплом иегері. 2018 жылы мектепішілік бастауыш сыныптар аралығында ұйымдастырылған Математика апталығында қолөнер бұйымдарын жасауда ІІ орын алған жүлдегер. 2018 жылы 3-4 сыныптар арасында өткен «Арайлы алтын күз» сайысынан І орын жүлдегері. Бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Табиғат – менің өз үйім!» атты апталығында қолөнер бұйымдарын жасаудан «Ынталандыру» аталымының иегері. Өнерлі өрен 2019 жылы мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде ұйымдастырылған «Дарабоз» эстафеталық жарысынан ІІ орын, «Шахмат» ойынынан жүлделі ІІІ орын иемденген. 2019 жылы мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы лагерінде ұйымдастырылған «Асфальтқа сурет салу» сайысынан ІІІ орын және «Ынталандыру» аталымының және «Үздік суретші», «Полиглот» интеллектуалды ойынынан «Ынталандыру» аталымының иегері атанған өресі биік білімпаз оқушы.
      Сүйікті ісі: Домбыра тарту, өлеңді мәнерлеп оқу, футбол ойнау.
      Арманы: Жоғары білімді білікті маман, заңгер болу.



Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости