Тарас Хамит

Рейтинг:


«ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТІРЕГІ – БІЛІМДІ ҰРПАҚ»
 
      Отбасында әкенің «батырым», анасының «құлыным» деген сөзін естіген бала жақсы ниетте түзіліп қалыптасады. Одан қалды, ұстаздары мен достарының сенім артуы да – келешектің еркін ашылар қақпасына айналары хақ.   Осындай отбасы мен сенімді жандарының ыстық ықыласына бөленіп келе жатқан жас жеткіншектің бірі  – Тарас Хамит Сабырғалиұлы. Хамит 2004 жылы 7 тамызда Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дүниеге келген. Сайын Шапағатов атындағы  балабақшаның есігін ашқан бала Хамит – бұл күні Саламат Мұқашов атындағы №16 орта мектебінің үздік оқушысы, белсенді жас. Адалдықтың да, ақылдылықтың да негізі – тәрбиеден бастау алады. Отбасы жылылығын сезініп өскен дарынды  ұлан  Тарас Хамит –    нағашы әжесі Шораева Дәлухан мен аяулы анасы Ешманова Назгүлдің үлкен үміт күтіп отырған азаматы. Өзінен кейінгі он екі жылдан соң дүние есігін ашқан інісі Ешман Жақыптың арқа сүйер ағасы. Білімдар  оқушы Тарас Хамитке арналған жергілікті баспасөзде «Республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы» атты мақала  жарияланды.
      Жетістігі: Халықаралық «Золотое руно» ойын конкурсының қатысушысы сертификаты және ІІІ орын жүлдегері; «Денсаулық фестивалі» шарасы аясында тұрғындар арасында «Жүру – зиян емес, жүрмеу – зиян» ұранымен өткізілген марафонда ІІ орын жеңімпазы; Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында ІІІ орын Дипломы; Республикалық «Қазақстан ұстаздары» бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен Республикалық қашықтық олимпиадасының  математика, орыс тілі пәндері бойынша І дәрежелі Диплом жеңімпазы; Қазақ тілі пәнінен өткен Республикалық Интернет Олимпиадасының І дәрежелі Диплом жеңімпазы, ағылшын тілінен ІІ дәрежелі Диплом жүлдегері және математика пәні бойынша ІІІ дәрежелі Диплом иегері; 9-сыныпты «Үздік аттестатқа» бітірген дарынды шәкірт.
      Сүйікті ісі: Спортпен шұғылдану. Кітап оқу.Үй шаруасында қолғабыс жасау.    
      Арманы: КБТУ-ға түсіп, финансист-экономист маманы атану. Өз кәсібін ашу.




Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости