Сұлтан Мұстафа

Рейтинг:


«БІЛІМ КӨКЖИЕГІ ЖОЛЫНДАҒЫ  ЗЕРДЕЛІ ШӘКІРТ»

      «Беталысы күнде өзгерген  алмағайып дүниеде адамзат баласы үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін   темірқазық бар. Ол – білім. Ол – еңбек», – дейді Қазақ Елінің тұңғыш көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ұлы тұлғаның даналық ойын пайымдап, зерек ойы мен зерделі тұлғасына  айналдырып жүрген жастар легі толассыз өсуде. Білім ошағы, мектеп қабырғасында жүріп-ақ терең білімімен танылып жүрген дарынды астаналық шәкірттің бірі – Сұлтан Мұстафа. Бірнеше мәрте «Зерделі тұлға»  конкурсының жеңімпазы Болатұлы Мұстафа 2010 жылы 7 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келді. Астаналық №65 мектеп-лицейі 4 «А» сыныбының үздік оқушысы Сұлтан Мұстафаны білікті ұстазы, сынып жетекшісі Мамыраимова Зәуреш Төлендіқызы мақтан тұтады. Талантты шәкіртінің болашағы да жарқын боларына сенім білдіреді. «Ұлым менің ұлықты, қызым менің қылықты» деп жанұясын шаттыққа кенелтіп отырған перзенттерінің әр бастамасына қолдау білдіріп, әкелік мейіріміне бөлеп отырған  отбасының тірегі, әкесі Бикенов Болат Сұлтанұлы – мемлекеттік қызметкер болса,  анасы  Жүсіпбекова Шолпан Ысқаққызы  – бала тәрбиесіне зор көңіл бөлетін аяулы жан. Мұстафаның әпкесі  Сұлтанова Нурия  мен інісі Сұлтан Мұртаза да  – №65 мектеп-лицейінің  озат оқушылары. Білім аламанында алдыңғы қатардан көрініп жүрген зерделі шәкірт мектептен тыс уақытында «Ой дамыту» оқу-әдістемелік орталығында жетекші ұстазы, «Жыл мұғалімі» конкурсының жеңімпазы Тердікбай Күшәй ағайынан математика, логикалық пәндерден дәріс алып,  терең ақыл-ой  қабілетін жетілдіру үстінде. Денесін шынықтыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында інісі Мұртаза екеуі «Астана» спорт кешенінің мектеп-лицей базасында ұйымдастырған футбол секциясына қатысады.
      Жетістігі: «Өте жақсы оқығаны үшін» Мақтау қағаздары; Логикалық математикадан «Зерделі тұлға – 2018» және «Зерделі тұлға – 2019»  олимпиадасының күзгі және қысқы маусымдық кезеңіне қатысқаны үшін сертификат иегері; «Зерделі тұлға – 2018» олимпиадасы математика пәні бойынша күзгі кезеңінің ІІІ дәрежелі Диплом жүлдегері;  Логикалық математикадан «Зерделі тұлға – 2019»   олимпиадасы қысқы кезеңінің І және ІІ айналымының ІІ дәрежелі Диплом иегері; «Зерделі тұлға» олимпиадасының көктемгі кезеңінің Бас Жүлде және Алтын медаль иегері. Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі ұйымдастырған Халықаралық математикалық «Зерде» олимпиадасының ІІІ дәрежелі Диплом жүлдегері; Қашықтыққа жүзуден 2003 жылғы және одан кіші жастағы балалар арасындағы жарыста ІІ орын жүлдегері; «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Ақ бота» интелллектуалдық марафонының ІІІ орын жүлдегері атанған. 
      Сүйікті ісі: Математика пәні. Достарымен футбол ойнау. Суда жүзу. 
      Арманы: Математика саласымен байланысы бар  жетік маман болуды қалайды.

 


Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости