Сейітхан Нұрислам

Рейтинг:


«ӨЗ ОРТАҢДА  ЕКІНШІ БОЛМА!»

      Әр бала  – өзіндік ерекшелігі бар жеке тұлға. Тек оны тани білу, таныта білу ұстаз, мектеп, қала берді ата-ананың қолында. Барлық балада жақсы оқысам, ата-анам мен ұстаздарымның үмітін ақтап, биіктерден көрінсем деген арман ұшқыны болады. Отбасы мен білім ошағы – осы асқақ армандарға бет алған балалардың қанатын қатайтып, білім негіздерін қалап, адамдық сапасы мен тәрбиесін қалыптастыратын негізгі орта. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз – жас та болса өз қатарластарының алдына озып, дарынымен дараланып жүрген Сейітхан Нұрислам Даниярұлы. 2010 жылы 8 қыркүйекте Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған елді мекенінде туылған. Шолаққорған ауылындағы балабақшаның тәрбиеленушісі атанған Нұрислам – қазіргі күні шырайлы Шымкент қаласының тұрғыны. Т.Рысқұлов атындағы  №25 мектеп-гимназиясы 3 «Ә» сыныбының белсенді оқушысы. Білім алумен қатар жан-жақты жаңашыл көзқарасы қалыптасқан зейінді ұлан отандық кәсіпкер Қ.Шонбайдың кәсіпкерлік жолға арналған «Екінші Болма!» іскерлік кітабын құштарлана оқиды. Себебі, өзі де болашақтың жарқын келбетінде жеке кәсібін ашып, іскерлік қабілетін шыңдағысы келеді. «Әр адамның өзіне берілген ерекше қабілеті бар, соны дұрыс анықтай  білу керек. Әлсіз жағыңды емес, мықты жағыңды одан әрі дамытудан бастасаңыз үлкен белестерді бағындыратыныңызға  жүз пайыз сенімді боласыз. Ең бастысы  – өз қабілетіңіз бен уақытыңызды  дұрыс пайдалануды үйрену керек. Кез келген жеңіс тек өзімізді дамытудан басталады. Біздің басты қарсыласымыз:  ол – өзіміз, өзіміздің жалқаулығымыз, өзіміздің білімсіздігіміз, өзіміздің кемшіліктеріміз. Соны жеңе білуіміз керек!» деген кәсіпкердің қағидасын жанына серік еткен. «Көксайек» ауданында тұратын, ауыл әкімшілігінде лауазымды қызмет атқаратын атасы Кемелов Сейтхан Абдіқұлұлы мен ұстаздық қызметін абыройлы  атқарып, бүгінгі күні зейнеткерлік демалыста отырған апасы Елубаева Рита Шәкманқызы, кардиолог-дәрігер әкесі Данияр Кемелов пен жоғары білімді медицина маманы,  анасы Жанар Сағынтаева – қазіргі таңда кәсіпкерлікті дамытып жүрген іскер азаматтар,  жеткіншек  Нұрисламның жаңашыл ойы мен тың бастамаларына қолдау танытып, әрдайым ақыл-кеңестерін, көмек қолын созып келеді. Отбасының сенім артар азамат ұлдары, ағалары Даниял мен Дулат та – №25 мектеп-гимназиясының алғыр оқушылары. Нұрисламның сынып жетекшісі, ұстазы Элмира Акенова әрқашан Нұрисламға қолдау көрсетіп отырады.                  
      Жетістігі: Республикалық бастауыш сынып оқушылары арасында өткен математика олимпиадасының І-ІІ дәрежелі Диплом жеңімпазы; Бастауыш сыныптар арасында өткен пән олимпиадасының ІІ орын мадақтамасы; Республикалық Дәстүрлі интернет Олимпиада сайты Ағылшын тілі онлайн олимпиадасының І дәрежелі Диплом жеңімпазы; «Самұрық» Республикалық математикалық зияткерлік олимпиадасына қатысушы сертификаты; «ПОНИ» Халықаралық сайысының сертификаты; «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірнеше тілді меңгерген қабілетті тұлғаны дамыту мақсатында «ALTYN QYRAN – ерекше дарын иесі» зияткерлік олимпиадасының қатысушы сертификаты:  «Білім шыңы – ғылым шыңы»  Республикалық «Алтын ұрпақ – ерекше дарын иесі»   үштілділік мектеп оқушыларының зияткерлік олимпиадасының сертификаты; «Балжұмбақ» зияткерлік олимпиадасына қатысушы сертификаты; Мектеп оқушылары арасында өткен «Шамшырақ» зияткерлік олимпиадасына қатысушы сертификаты; «Ғажайып күз кереметтері» атты сурет көрмесіне белсене қатысқаны үшін Мадақтама иегері атанған.
      Сүйікті ісі: Іскерлікке байланысты кітап оқу. Спортпен айналысады. Ән салады.
      Арманы: Әлемдік деңгейде танымал жеке кәсіп иесі атану. Өз брендін қалыптастыру. 



Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:


    0
  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости