Сейдуалы Жалғас

Рейтинг:


«АТА-АНАМНЫҢ МАҚТАНЫШЫ, СПОРТТЫҢ ЖҰЛДЫЗЫ БОЛАМЫН»
 
      Өзінің спортқа деген қабілетін байқатып қана қоймай, сабақта да үздіктер қатарынан көрініп жүрген Жалғас Сейдуалы 2007 жылдың 5 тамызында Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында өмір есігін айқара ашты. Бойындағы алғырлығымен, қабілетімен қатарластарының алды бола білген алғыр балақай кішкентайынан тілалғыш, ұғымтал, әдепті болып өсіп келеді. Дарынды жас Жалғас – Жаңатас қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының Ахметбекова Алтынай жетекшілік ететін 7 «Ә» сыныбында білім алуда. Жалғас текті әулеттің тәрбиелі ұланы. Көпті көрген, ағайынның құрметіне бөленген ата-әжесі Койкапов Көрғұлы мен Т.Смайылова – зейнеткерлер қатарында, сол кісілердің ақыл-кеңесін тыңдап өсіп келеді. Асқар тау әкесі Сейдуалиев Алтынбек пен ақжарқын көңіл, жібек мінезді анасы Койкапова Бану – боламын деген баланың бойына адамгершілік пен адалдықты сіңіре білген асыл жүректі жандар. Ардақты әкесі – қарапайым жұмысшы, ал аяулы анасы – бас акушер қызметінде. Салауаттылық өмір салтын ұстанатын Жалғас Алтынбекұлы спорт мектебінің Бокс үйірмесіне қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Өзін жақсы жағынан көрсетіп, мектептің алдыңғы қатарлы оқушыларының бірі бола білген Жалғастың  талай асулар мен биіктерді бағындырары анық.      
      Жетістігі: «Ақ бота» интеллектуалдық марафоны бойынша Сертификат, ІІІ орынмен Диплом иемденді. «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Тарих» пәні бойынша Республикалық Қашықтық Олимпиадаға қатысып, жоғары көрсеткіштерді иеленгені үшін І дәрежелі Диплом иегері атанды. 2017 жылы Бұқаралық спорт жарыстарынан ХVІІ облыстық Ашық турнирінде бокс жекпе-жегіндегі жеңіске деген жігері үшін Мадақтамамен марапатталды. 2017 жылы 2002-2008 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Жаңатас-Шымкент қаласы арасындағы бокс жекпе-жегінде +28 кг І орын және 2018 жылы «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одақ» ҚБ-нің Жамбыл облыстық филиалының жүлдесі үшін облыстық Ашық турнирінде +32 кг салмақта І орын алып, мерейі үстем болды. 2018 жылы Бокстан 2006-2007 ж.т. балалар арасында +32 кг салмақ дәрежесінде І орын жүлдегері атанып, Грамота иемденді. Сондай-ақ 2019 жылы бокстан 2007-2008 және 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында Сарысу аудандық біріншілігінде І орын жеңімпазы, Диплом иегері.
      Сүйікті ісі: Спортпен шұғылдану, достарымен бас қосу, білімін жетілдіру.
      Арманы: Олимп шыңдарын бағындырып, бокстан Әлем чемпионы атану. Халықтың және ата-анасының мақтанышы болу.



Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости