«ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ, ТАНЫМАЛ ТҰЛҒА БОЛАМЫН» «Жетістікке жетуде қайсар мінез бен сенімділік қажет» деген ұстанымдағы талапшыл
ұл Сарсенгалиев Даулет Болатұлы 2006 жылы 14 желтоқсанда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон поселкесінде мерейлі отбасында дүниеге келді. Даулет балабақшаға бармаған. Анасының, әжесінің тәрбиесінде болып, әдеп әліппесін үйреніп, оң мен солын танып, жақсы қасиеттерді бойына сіңірді. Төрт жасынан бастап, алғыр, зерек өрен Жаңа Қаратон аулындағы № 22 орта мектептің табалдырығын аттап, ш
әкірт атанды. «Оқысаңыз, балалар, шамнан шырақ жағылар» деген ұстанымдағы өрелі өрен бүгінде аталмыш білім ордасының 7-сыныбында білім баспалдақтарымен біртіндеп көтерілуде. Қызыққанын танып-білуге, іздеп табуға құштар шәкірт Даулет биология және математика пәндерін сүйіп оқиды. Заман талабына сай ағылшын тілін үйренуге ден қойған білімқұмар Даулет спортқа да біртабан жақын. Екінші сыныптан бастап, ауылда жекпе-жектен чемпион Талғат Жұмағалиевтен жеке дәріс ала бастады. Сонан соң ауылда үлкен спорт орталығы ашылып, екі жылдан бері ол жекпе-жекпен қатар күрес секциясына да қатысып жүр. Ұйымдастырушылық қабілеті басым оқушының әкесі Сарсенгалиев Болат – электрик, ағайын арасында беделді, абыройлы жан. Ақ жүзінен ыстық лебі мен шуағы сезіліп тұратын анасы Аманиязова Маржан – бала бақыты үшін бәріне дайын жан. Асылзат анасы Маржан – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, ұлағатты ұстаз. Үш жылдан бері жеке кәсіппен айналысып, жеке орталықта ағылшын тілінен дәріс береді.
Жетістігі: Даулет Болатұлы – аудандық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстардың жүлдегері. Құлсары қаласында Қолма-қол ұрыс өнерінен өткен Ашық турнирдің ІІ орын жүлдегері. 2016 жылы «Жекпе-жек ұлттық спортынан 2006-2007 ж.т. балалар арасында ҚР чемпионатында +25 кг салмақ дәрежесінде І орын жеңімпазы. Ұлттық жекпе-жек түрінен +26 кг салмақта Ашық турнирдің ІІІ орын жүлдегері. Атырау қаласында панкратион, грэпплинг (традишн, элит бөлімдері) және грэпплинг ги бойынша сайыста +24 кг салмақта жүлделі ІІ орын иегері. ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай У-шу Саньдадан балалар мен жасөспірімдер арасында Атырау облыстық Ашық чемпионатында +33 кг салмақта жүлделі ІІІ орынды иемденді. 2018 жылы жекпе-жек сайыстан қолма қол ұрыс өнерінен + 33 салмақта жүлделі І орын иегері. Грэпплинг UVV спорттық күресінен +35 кг салмақта ІІІ жүлделі орын алды. Еркін күрестен Құлсары қаласы біріншілігінде +35 кг салмақта І орынға иемденді. Осы мәтінде ауылда өткен еркін күрестен осы салмақта жүлделі ІІ орынды иемденді. Жаңа Қаратонда «Біз терроризмге қарсымыз» ұранымен өткен толық жекпе-жек сайысынан +33, +34 кг салмақ дәрежесінде І орын жеңімпазы атанды. NOMAD MMA бойынша Атырау қалалық Ашық біріншілігінде + 45 кг салмақта жүлделі ІІІ орын, 2019 жылы Атырау қаласында жекпе жек сайысынан ҚР чемпионатында 12-13 жас аралығында +36 кг салмақта жүлделі ІІ орын иемденді. Атырау қаласы жекпе-жектен ҚР кубогына облыстық іріктеу жарысында +34 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын, Ұлттық ойын түрлерінен ұйымдастырылған спорттық шарада +70 кг салмақта қазақша күрес сайысынан ІІ орын алғаны үшін марапатталды. 2020 жылы грэпплинг (UWW) спорттық күресінен Қазақстан чемпионатында +46 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын, жекпе-жек сайыстан ауданаралық жарыста 12-13 жас аралығында +46 кг салмақ дәрежесінде І орын жеңімпазы атанып, мерейі үстем болды.
Сүйікті ісі: Спортпен шұғылдану, ата-анасына көмектесу, достарымен бас қосу.
Арманы: Ұлт мақтанышы, Ұлы Қазақ Елінің абыройлы азаматы болу.