«Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба» деген ұлы Абайдың сөзінен өмірлік ұстанымына айналдырған ізденімпаз шәкірт. Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданында 2009 жылы 14 тамызда ынтымағы мен бірлігі жарасқан отбасында дүниеге келді. Арқа сүйер асқар тау әкесі Алмухамбетов Нұрболат Сагиндыкұлы – Атырау қаласында «Halliburton» мекемесінде жұмыс жасайды. Аялы алақанына әлемнің бар жылылығын сыйдырған анасы Алмухамбетова Гульфара Махсотовна – шаштаразда әмбебап-шеберлер қатарында. «Ұрпақ тәрбиесі – ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы» деген ұлы ұстанымды ту еткен отбасында өскен Амина бүлдіршін кезінен руханият әлеміне жаны жақын өнерлі өрен болып бой түзеп келеді. Тумысынан зерек, алғыр қыздың әпкесі Анеля – 8-сынып оқушысы. Ізінен е
рген інісі Надир – жақсы көретін бауыры, балабақша тәрбиеленушісі. Амина – өте бауырмал, мейірімді, көпшіл. Мектеп табалдырығын алғаш аттап, Ақсай қаласының №3 жалпы білім беретін мектебінің 1 «А» сыныбына қабылданып, білім әлемінің есігін ашты. Білімпаз шәкірт Амина Нұрболатқызы БҚО, Орал қаласындағы №48 ЖОББ мектебінде оқып, қазіргі кезде №27 мектеп-лицейінің 5-сыныбында білімін жетілдіріп, барлық пәндерден оқу көрсеткішін жақсартып, мектепте белсенді оқушылардың бірі болып жүр.
Жетістігі: Амина Нұрболатқызы –
бастауыш сыныптарды бітіргені туралы Диплом және
өте жақсы оқығаны үшін Мақтау қағаздарының иегері. 2016 жылы 1-сыныпта Бөрлі ауданының әкімшілігіне қарасты Балалар өнер мектебінің «Юный музыкант» Дипломымен және Құрмет грамотасымен марапатталған. 2016-2017 оқу жылында мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, аудандық, облыстық, республикалық додаларда жүлделі орындарға ие болғаны үшін Мадақтама иегері атанды. 2018 жылы «Ең үздік мәнерлеп оқушы» атанып, І дәрежелі диплом, «Наурыз – думан» сайысында ІІІ орынмен Мадақтама иемденді. «Өмірді сөйлеткен ақын» атты облыстық мәнерлеп оқу байқауының Алғыс хат және «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысының Мадақтама иегері. «Ертегі сыр шертеді» қойылымының Диплом иегері. 2019 жылы «Ана тілім – айбыным» атты шығармашылық байқауда ерекше өнерімен Үздік деп танылып, ІІ дәрежелі Диплом иегері атанды. «Толағай» отбасылар сайысының ІІ орын және Грамота иегері.
Сүйікті ісі: Анасына көмектесу, бауырларымен бірге демалу, музыка тыңдау, ән айту, сурет салу, отбасымен бірге саяхатқа шығу.
Арманы: Оқуын ойдағыдай бітіріп, жоғары білім алып, математика пәнінің мұғалімі болып, білім саласына өз үлесін қосу, ата-анасының мақтанышына айналу.