Орман Мәулімберген

Рейтинг:


«МАҚСАТЫМ – КӨП ІЗДЕНІП, БИІК БЕЛЕСТЕРДІ БАҒЫНДЫРУ!»
 
      2006 жылдың 22 мамырында дүниеге келген Орман Мəулімберген тек алға ұмтылуды көздейтін талапшыл өрен, көпбалалы отбасының перзенті. Құрметті атасы Жугинисов Орман – мұнай саласының ардагері, зейнеткер. Ардақты әкесі Жүгінісов Бауыржан Орманұлы – мұнайшы. Аяулы анасы Нурсебепова Ажар Нурхановна – «Алтын алқа»  иегері. Руханиятқа жақын өреннің  Әнуар, Ақкүміс, Ақсырға, Ақбота, Адай, Мариям есімді бауырлары бар.  Үлкен ағасы Әнуар – Өнер колледжінің домбыра бөлімінің 4 курс студенті, басқалары – мектеп оқушылары. Қолына алған істі шыр айналдырып кететін алғыр,  жауапкершілігі мол, өнерге де жақын  талантты оқушы мектепке 5 жасынан бастап барды. «Білгенге – маржан, білмеске – арзан» деген ұстанымдағы зерделі шәкірт бүгінде Жетібай ауылындағы №4 орта мектептің 8 «А» сыныбының шәкірті, сынып белсендісі. Мінезі ашық, жүзінен адалдық, жүрегінен имандылықтың нұры сезіліп тұрған жас талант Орман Мəулімберген кішкентайынан жыр жаттап, қазақтың халық әндері мен жыларын домбыраға қосып орындайтын дарынды жас Өнер мектебінің жыр-терме сыныбында оқиды. Білікті мамандар Таудаева Эльмира, Ибраев Абуғали секілді ұлағатты ұстаздарынан тәлім-тәрбие алуда. Ойы ұшқыр, қиялы жүйрік жас Мəулімберген салауатты өмір салтын ұстанып, футбол секциясына үзбей қатысады.
      Жетістігі: 2015 жылы 3-сыныпты өте жақсы оқығаны үшін Мақтау қағазымен марапатталған. «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты сайыстың Мадақтамасын иемденген. Мектепішілік «Жас талант» байқауына белсене қатысып, өнерімен көпшіліктің ықыласына бөленіп, Алғыс хат иемденді. 2016 жылы «Еліме арнаймын» өнерлі балалар байқауында «Гүлдерайым» балалар ансамбілінің құрамында Алғыс хат иесі атанды. «Тіл білгірі» атты сайысына қатысып, ІІІ орынға ие болып, Диплом иемденді. «Тәуелсіздік – теңдігім, Елбасы – елдігім» жас термешілер байқауының ІІ орын жүлдегері.  Мектепішілік «Кім болам?» байқауының ІІІ орын иегері. 2018 жылы V Республикалық «Ақжелең» өнер мен білім байқауында «Аспапта ойнау» жанры бойынша «Гүлдерайым» ансамбілінің құрамында өнер көрсетіп, І орын жеңімпазы атанды. «Жұлдызды қолтаңба» өнер байқауына қатысып, «Шабыт» дәстүрлі әншілер ансамблінің құрамында Аспапта орындау номинациясы бойынша І орын алып, Дипломмен марапатталды. 2018 жылы Республикалық «Қазақстан таланттары» Рухани-Патриоттық байқауынан «Аспапта орындаушылық өнері» номинациясы бойынша І дәрежелі лауреат атанып, 2019 жылы Өнер мектебінің Алғыс хатын, Ағылшын тілінен Сертификат иемденді. «Балдәурен» РОСО жекелей біріншілігінде Тоғыз құмалақ ойынынан І орын алып, Грамотамен марапатталды. Білімпаз шәкірт Жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша өткен мектепішілік олимпиадада химия пәнінен  І дәрежелі Диплом иегері атанып, мерейі үстем болды. 
      Сүйікті ісі: Музыка тыңдау, домбырада ойнау, ән салу, кітап оқу, футбол ойнау.
      Арманы: Дәстүрлі әнші болу, өнер саласында еңбек етіп, танымал тұлға болу.


Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости