«БОЛАШАҚ ЭКОНИМИКА САЛАСЫНЫҢ МИНИСТРІ»
Көпшіл, жігерлі, ізденімпаз болып өсіп келе жатқан өрелі өрен Ноғайбаев Жанәділ Ерланұлы Қазақстанның ең әсем, ең көрікті қаласы Алматы шаһарында 2009 жылдың қазан айының 6 жұлдызында жылуы мол отбасында дүниеге келді. «Отбасым – алтын ұям, жылы мекенім» деген ұғымдағы Жанәділдің жанұясында 7 жан тату-тәтті, бірлікпен күн кешуде. Отбасының тірегі мен қорғаны, алтыннан ардақты әкесі мен ғибраты мол, мейірімі зор анасы – бала тәрбиесін бірінші орынға қойған парасатты жандар. Ардақты әкесі Ноғайбаев Ерлан – Алматы облысының прокуратурасының бөлім бастығы қызметінде. Аяулы анасы Сарыбаев
а Динара – отбасының ұйтқысы мен берекесін сақтап жүрген абзал ана. Алдындағы арқа сүйер ағасы Әділбек – 8-сынып оқушысы. Сүйкімді інісі Айбек 3-сыныпта оқып жүр. Жанәділдің ізінен ерген қарындастары Алуа мен Медина – отбасының раушан гүлдері. Жанәділ өте бауырмал, алғыр, ашық мінезді, жаны жайсаң, жүрегі жомарт бала болып ер жетуде. Білім алар кез келгенде, маңдайын күн сүйген кекілді ұл 2015 жылы Алматы қаласындағы №192 орта мектебіне даярлық сыныбына қабылданады. «Білім алмайтын қамал жоқ» деген ұстанымдағы білімпаз шәкірт Жанәділ Ерланұлы 2016 жылы Алматы каласының №175 «Жаңа ғасыр» мектеп-гимназиясының 1 сыныбына барып, білім алуын жалғастырады. Мектепте өтетін барлық іс-шараларға атсалысып, жауапкершілік танытып жүрген ізденімпаз шәкірт бос уақытында көптеген қосымша үйірмелерге де қатысады. Руханият әлеміне жақын қабілетті өрен кітап оқып, робототехникамен шұғылданады. Салауатты өмір салтын ұстанатын ұлағатты ұлан шахмат, дойбы – ақыл ой спортына біртабан жақын. Жасыл алаңда достарымен футбол ойнап, жүзу спортымен де айналысады. Болашағын экономика саласымен байланыстыратын жігерлі Жанәділдің мақсаты айқын, жоспары мығым.
Сүйікті ісі: Спортпен шұғылдану, кітап оқу, отбасымен бірге болу, табиғат аясында демалу. Робототехника жаңалықтарын ғаламтор арқылы зерделеу.
Арманы: Жоғары білім алу, майталман маман, өз ісінің шебері болу. Кемел келешегінде Экономика саласының министрі, халық қалаулысы болғысы келеді.