![]()
«ҮЛКЕНДІ СЫЙЛАУДАН ҰТЫЛМАЙТЫНЫМДЫ ЖАҚСЫ БІЛІЕМІН...» «Оқып көру жеткіліксіз, үздіксіз ойлану да керек» деген ұстанымдағы әдепті, зерделі, қабілетті өрен. Ата-анаға деген құрметті бәрінен жоғары қоятын сезімтал қыз Наурызбаева Амина Қанатқызы Орталық Қазақстанда орналасқан «қара алтынды» қала
![]()
Қарағандыда 2010 жылдың қаңтар айының 28 жұлдызында өнегелі отбасында өмір есігін ашқан. Бала – өмірдің мәні, көңілдің сәні, алға жетелер шамшырақ деп қарайтын үлкендердің қамқорлығына бөленіп өсіп келе жатқан Аминаның биік бәйтеректей парасатты атасы Тулегенов Райхан – ветеринар қызметін көп жыл атқарған зейнеткер азамат. Аппақ көңілі, нұр бейнесі жарқыраған әжесі Тулегенова Кульжан Иманханқызы –ұлағатты ұстаз, бүгінде зейнетке шыққан ақ тілеулі жан. Жайсаң мінезді, биік ұстанымды әкесі Наурзбаев Қанат Қадырұлы – «Мерей» клиникасының директоры қызметінде. Жылуы мол мейірбан анасы Тулегенова Бибігүл Райханқызы – ҚОДСБ бөлімінің басшысы. Еңбегімен бақытқа жеткен қос бәйтерегі, ардақты әкесі мен аяулы анасы – парасатты жұп. Амина – отбасының кенжесі, ата-әжесінің көзқуанышы, жарқыраған шамшырағы. Оларға деген қадір-құрметі ерекше. Үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болып жүретін бауырмал, көпшіл қыз Аминаның алдында үлгі көрсетер жанашыр әпкесі Камила Қанатқызы бар. Камила – Қарағанды Мемлекеттік университетінің студенті. Жаңа ортаны жатсынбай қабылдайтын Амина Қанатқызы бүгінде Қарағанды қаласындағы №92 мектеп-гимназияның озат оқушыларының қатарын толықтырып жүр. Ертеңгі болашағын бүгін өз қолымен жасап жатқан ынталы жас сабаққа ынталы, қоғамдық жұмыста белсенді, досқа адал, сырға берік. Руханият әлеміне жақын, ойы ұшқыр, қиялы жүйрік аяулы Амина – Музыка мектебінің сальфеджо және бейнелеу өнері мектебінің шәкірті. Сондай-ақ жаңашыл, жауапкершілігі мол жас жүзу үйірмесіне тұрақты түрде қатысып, салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен де шұғылданады. Мейірімді қыз жануарларға қамқорлық жасауды жақсы көреді. Ақ жол, арманы асқақ, талабы таудай, Амина Қанатқызы!
Жетістігі: Амина Қанатқызы – Анталья қаласында өткен Халықаралық математика пәні олимпиадасының ІІІ орын жүлдегері. Заман талабына сай ағылшын тілін үйреніп жүрген талапты, ізденімпаз шәкірт Амина мектепішілік ағылшын тілі олимпиадасына қатысып, І орын алған жеңімпаз.
Сүйікті ісі: Пианинода ойнау, би билеу, сурет салу, жүзу спортымен айналысу. Түрлі қолөнер бұйымдарын жасау, анасымен бірге ас әзірлеу, таза ауада демалу.
Арманы: Жоғары білім алу, атасы секілді ветеринар-дәрігер болу.