Мұхитұлы Расул

Рейтинг:


«ШЫНЫҚСАҢ, ШЫМЫР БОЛАРСЫҢ»

      «Грек-рим күресі – ептілік пен жинақылықты   шыңдайтын спорт түрі. Осы спорт түрінің қыр-сырын меңгеріп жүрмін. Қазақша күрестен де белдесіп, «Шаршы алаңда шын шеберге шаршау жоқ» екенін дәлелдеп келемін. «Шынықсаң, шымыр боларсың» дегендей, дене сымбатыма да көңіл бөліп, салауатты өмір салтын ұстану да – жеке қызығушылығым. Білім мен спортты қатар алып, келешекте білікті маман атанғым келеді», – дейді таланатты спортшы  Мұхитұлы Расул. 2010 жылы №2 мектептің бірінші сыныбы шәкірті атанған бала-шәкірт – бұл күнде ІТ лицейінің дарынды оқушыларының бірі. Спорт пен білімді додаларда  бірнеше мадақтамалар мен мақтау қағаздарының иегері атанып жүр. Өрелі өрен Расул  – үлкен әулеттің мәуелі бәйтерегіндей болып отырған ақжаулықты әжесі Сақыптың,  ақылшы дос, әкесі Тулемисов Мұхит пен ардақты жан, анасы Ювашева Рахаттың, арқа сүйер қос ағасы  Азамат пен Мұхаммедтің және сүйікті жеңгесі Маринаның мақтанышы. Жанұясының жайдары немерелері Жассия мен Рисалат,  Алдиярдың – қамқор ағасы. Мұхитұлы Расул – Маңғыстау облысы Жасөспірімдер құрамасының мүшесі; ҚР спорт шеберіне үміткер.
      Жетістігі: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының 20 жылдығына арналған грек-рим күресінен ІІ орын Мадақтамасы иегері; Нұр-Сұлтан қаласының 20 жылдығы, Ақтау қаласының 55  жыл мерейтойына арналған Грек-рим күресінің Ашық біріншілігінде   жүлделі ІІ дәрежелі Диплом   иегері;  «Маңғыстау-Арена»  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Ашық біріншілігінде ІІ орын жүлдегері; «Наурыз – Жыл басы» мейрамы мен Нұр-Сұлтан қаласының 20 жылдығына орай грек-рим күресінің ІІІ орын Грамотасы; «ZHANAOZEN OPEN» турнирінің ІІІ дәрежелі Диплом иегері; «Жезқазғантүстіметалл» АҚ, Қарсақбай мыс қорыту зауытының директоры, Ұлытау және Жезді аудандарының құрметті азаматы, КСРО-ға еңбегі сіңген металлург, КСРО мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Қадер Маткеновті еске алуға арналған ІІ Республикалық турнирінің ІІІ орын Мадақтамасы; «Жастар жылына» орай «Спорт – нашақорлыққа және терроризмге қарсы» атты Грек-рим күресінен Д.Тұрлыханов жүлдесіне өтетін Республикалық турнирінің іріктеу Ашық жарысында ІІ орын Мадақтамасы; Қазақ күресінен МОБЖСМ Ашық біріншілігінде ІІІ орын Диплом жүлдегері атанған.   «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Орыс тілі» пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадасында І дәрежелі Диплом жеңімпазы; Ағылшын тілі пәні  Республикалық қашықтық олимпиадасының қатысушы сертификаты; Жаңаөзен қаласының облыстық ащық турнирінде ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды. 
      Сүйікті ісі: Спортпен шұғылдану. Отбасымен таза ауада серуендеу.
      Арманы:  Жоғары білімді маман атанып, ел мұраты жолында қызмет жасау.











Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости