Мұсабаева Ақнұр

Рейтинг:

«ТАЛАПТЫҢ МІНІП ТҰЛПАРЫН...»

      Әркімнің туған жері – өзіне Мысыр шаһары. Туған жер топырағының киелілігі мен қасиеті – сол өңірде өсіп-өнген жас буынның қалыптасуына үлкен әсері бар. Қаз тұрып, қадам басып, сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап-ақ туған жер қадірін сезінеді. Сондай бұрымды арудың бірі туған топырағын мақтан тұтып, сылдырай аққан ерке Сырдың   бұйра толқындарына жымия қарап, жарқын болашағына көз жүгіртеді. Ойына оралған өлең шумақтарын жүрек түкпіріне сақтайды. Елбасы,
 ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: «Сендер, бүгінгі жас ұрпақ – Тәуелсіз Қазақстанның келешегі үшін тарихи   жауапкершілік арқалайтын азаматсыңдар» деген сенімі үрдісінен шығатынына сенеді.  Бұл штрих – үлкен үмітпен келешек асуына бет алған зерделі жас Мұсабаева Ақнұрдың жарқын келбеті. Ақындық, шығармашылық жолға бет бұрған жас қаламгер 2008 жылы 21 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келді. Зиялы қауым отбасының   қызыл гүлі  Ақнұр – әкесі Мұсаханов Жаңабай мен анасы Усенова Халипаның үкілі үміті. Соңынан ерген сүйкімді сіңлісі мен ермінезді інісіне үлгілі әпке,  бауырмал бауыр. 2010 жылы «Ұмай» балабақшасы мен Оқушылар сарайының МАД тобынан   бастау алған тәлімді тәрбиесі мен сапалы білімі №3 ІТ лицейінің 1-сыныбы партасына жетеледі. Бүгінгі күні аталған білім ошағының дарынды шәкірті. Әдебиет әлеміне бас сұғып, қанатты қаламын жанына серік етеді. «ЭКСПО – жарқын болашаққа қадам»  шығармашылық эссе жұмысы мен бірнеше өлеңдері – ( «Қазақстан», «Отбасы», «Отан», «Туған жер»,т.б.) талаптың тұлпарына мініп, тас қияға өрлеген Ақнұрдың өз қолтаңбасы, жүрекжарды ой-толғанысы.
      Жетістігі: Халықаралық «Ципрус – 2016» ән байқауының І орын иегері, Эстония, Таллин қаласы; Бейбітшілік әлемі «Мәңгі ел – Қазақстаным» атты фестивалінде «опера, вокал» жанрында Бас Жүлде иегері; «Астана-2016»  «Шаттық» фестивалінің лауреаты;   Алматы қаласында өткен ҚР халық әртістері К.Кенжетаев пен Ш.Бейсекова атындағы Халықаралық әншілер байқауында ІІІ орын   жүлдегері;  «2016 – Өнер тарланы» медалінің иегері; «Харизма» «Мини-Мисс Кызылорда – 2016»  конкурсының «Мини-Мисс Гламур» және «Көрермендер көзайымы» номинациясының иегері; Қалалық мәнерлеп оқу сайысының ІІ орын иегері; Түркістан қаласында өткен «ҚР Тәуелсіздгіне – 25 жыл» мерекелік шарасына арналған «Тәуелсіздік – тірегім, теберігім!» атты мәнерлеп оқу сайысының Бас Жүлдесі; Алматы қаласында өткен «Ғылым және өмір» атты ғылыми-практикалық конференциясында «Ойыншықтардың пайдасы мен зияны» атты ғылыми жобасын қорғап, І дәрежелі Диплом иегері атанады.
     Сүйікті ісі: Әдеби кітаптар, ақын жырларын  мәнерлеп оқу; Ән салып, би билеу.
     Арманы: Кемел біліммен болашаққа қадам баса отырып, қазақ ұлтының мақтанышына айналу. Жоғары білімді маман атану.


Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости