Мұратхан Кәмшат пен Шәрбат
«ҚАТАР АҚҚАН ҚОС БҰЛАҚ»
Өнер мен таланттың қуаты – махаббат пен мейірімділікте, әсемдік пен көркемдікте, ізгілік пен адалдықта, ынтымақ пен бірліктің тоғысқан қайнарынан бастау алады. Сондықтан да өнер – мәңгілік, сондықтан да өміршең. Міне, қасиетті өнердің құдіретіне бас ие отырып, тіршіліктің әр таңын қуанышты жүзбен қарсы алып келе жатқан, қатар аққан қос бұлақ, қос періште Мұратхан Кәмшат пен Шәрбат – өнерлі балаусалар қатарында күндей жайнап келеді. Дарынды жастары кемел білімі мен жарқын болашағы үшін жасампаздыққа қол созып, мәңгілік ел мүддесін көздеп, өмір сүріп жатқан қазақ халқының өнерлі балаусалары Кәмшат пен Шәрбат – шығармашылық келбетін қалыптастырып үлгерген өнерпаздар. Қос жұлдыздың өзге қатарластарынан ерекшелігі – шығармашылық қабілеттерін көрсететін жұмыс түрін жақсы көреді. Би, ән, домбыра үйірмелеріне қатысады. Бос уақытында мүмкіндікті пайдаланып, тылсым ғаж
ап сурет әлеміне еніп, шығармашылыққа еркіндік береді. Сайраған құс, сылдырай аққан бұлақ, жел әуенімен тербелген жапырақ сыбдырына жан бітіріп, шексіз қиял дариясына сүңгиді. Қос қарлығаш 2012 жылы 23 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келген. Екеуі қол ұстаса №58 «Өркен» балабақшасының табалдырығын аттайды. Талантты балапандар осы тәрбие ошағында ән салып, би биледі. Жаңа достарымен ынтымақтастықта білім мен тәрбиені қатар алды. Бұл күні қос балауса №66 мектеп-лицейінің 2-сыныбының өнерлі де талантты оқушыларының сапын бастап тұр. Отбасының тірегі, қырмызы қызғалдақтарының қамқоршысы, әкесі Мұратхан Досымбек пен аяулы анасы Мауей Айнагүл – жоғары білімді мамандар. Әпкесі Мұратхан Назым – №66 мектеп-лицейінің озат шәкірті. Әз Наурызда қазақтың Халық әртісі Роза Рымбаевамен бір сахнада өнер көрсетіп, талантты жас әнші Мұратбек Хайролдамен бірге киелі сахнада ән шырқады.
Жетістігі: «Ақ көгершін» қалалық балалар өнер байқауының «Вокал» жанрында ІІ және ІІІ орын иегерлері; «Асыл ана» қалалық балалар байқауының «Вокал» жанрында І дәрежелі Диплом марапаттары; Логикалық қалалық олимпиадада ІІІ орын иегерлері.
Сүйікті ісі: Би, ән, домбыра үйірмелеріне қатысады. Кәмшат сурет салғанды, Шәрбат кітап оқығанды ұнатады.
Арманы: Кәмшат сахна жұлдызы, кино немесе эстрада жанры маманы болуды қаласа, Шәрбат балалар тіс дәрігері болуды армандайды.