Қайсар Аянат Исатайқызы – өнерде талантты, білімде бәсекеге қабілетті өрен. Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында 2012 жылы 6 ақпанда тағылымды отбасында дүниеге келді. Ақылы терең, сөзі дана атасы Қайсар мен ақ жаулығы, ақ көңіліндей аппақ әжесі Гүлшараның өнегелі тәрбиесінде өсіп келе жатқан мақсатшыл қыз. Шығармашылыққа, өнерге біртабан жақын. Ата-әжесінің, ата-анасының қолғанаты боп жүрген Аянаттың алдында үлгі тұтар әпкесі Аружан бар. Еңбегімен адалдықтың шыңына шыққан қайратты әкесі Исатай мен бар жақсылықты үйретіп, ізгілікке баулып жүрген анасы Айсұлу – өзгелерге үлгі боларлық жарасымды жұп. 2014-2017 жылдары «Қызғалдақ» балабақшасында Әуелбаева Құралай Орынғалиқызының тобында тәрбиеленіп, әдеп әліппесін меңгерді. Білімге құштар ынталы
![]()
өрен Аянат қазіргі кезде Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы №19 жалпы орта білім беретін мектептің 2 «А» сыныбында білім нәрімен сусындауда. 1-сыныптан бері сапалы білім, тәлімді тәрбие беріп келе жатқан сүйікті ұстазы, тәжірибелі мұғалім – Баданова Гүлхан. Аянат – қоғамдық жұмысқа белсенді қатысушы. Әсіресе, мәдени іс-шараларда өз өнерімен жарқырап көрініп жүрген өресі биік талапты оқушы түрлі үйірмелерге қатысады.
Жетістігі: Қайсар Аянат 1-сыныпта «Өте жақсы оқығаны үшін» мәтініндегі Мақтау қағазын алды. «Тәуелсіздік жалауы» атты Республикалық көркемсурет байқауының және «Ертегілер әлемінде» тақырыбы бойынша Республикалық «ҮРКЕР» зияткерлік марафонының қатысушысы Сертификат иегері. «Қызғалдақ» балабақшасында мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылығының «Айгөлек» фестивалі бойынша мәнерлеп оқудан ІІІ орын, «Кішкентай ханшайым – 2016» байқауының «Өнерлі ару» номинациясы иегері. «Бақытқа толы – балалық шақ» атты мерекелік концертте «Би билейміз дөңгелеп» номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕ алған жеңімпаз. «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың инновациялық бағыттары» тақырыбындағы апталықта «Ойнайық та ойлалық» интелектуалдық ойынының І орын жүлдегері. Аудандық «Айгөлек» балалар шығармашылық фестивалінің Би жанры бойынша Диплом иегері. Аудандық фестиваль би жанры бойынша жоғары орындаушылық шеберлігі үшін ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталған. Мектепалды даярлық сыныптарының арасында өткен күзгі «Ханзада мен Ханшайым» сайысының ІІІ дәрежелі Дипломын иемденген. Музыка, бейнелеу пәндері бойынша өткен «Сұлулық сыры» атты апталығында «Аппликация» бойынша І орын жүлдегері. «Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі» апталығында «Ауылым – алтын бесігім» атты сурет салу байқауының І орын иегері. «Русский язык – язык Пушкина» атты орыс тілі апталығының «Самый лучший рисунок» байқауының Диплом иегері. «Қазақстан Ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған математика пәні бойынша Республикалық. қашықтық олимпиадасынан және бастауыш сынып оқушылары арасында өткен математика пәнінен олимпиададан І дәрежелі Диплом иемденген. «Іntolimp.kz» оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы Республикалық «Сауатты жазу» атты шығармашылық байқау бойынша «Үздік» деп танылып, І дәрежелі Дипломмен марапатталып, білімпаз оқушы екенін дәлелдеп, мәртебесі арта түсті.
Сүйікті ісі: Дөңгелете би билеп, әуелете ән салу, ертегілер оқу.
Арманы: Оқуын ойдағыдай бітіріп, жоғары білім алып, жақсы маман болу.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()