![]()
«ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР»
Шығыстан алтын күн нұрын төгіп, еркіндіктің самалы ескен осы кезеңнің баянды боларын сезіне білген жалынды ақын Қасым Аманжолов «Сен не еткен бақытты едің келер ұрпақ!..» деп бекер жырламаса керек-ті. Расында да, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның жас буыны – бақытты, білімді заманауи келбеті, интеллектілік қабілеті жан-жақты дамыған зерек жастар. Сондай жастардың келбеті көңілге қуаныш ұялатып, болашаққа деген сенім іргетасының мықтылығын көрсеткендей. Астаналық дарынды жас өрен
![]()
Маханов Диас Бағдатұлы да осындай зейінді, озық ойлы, талантты жастардың қатарында шуақты күннің нұрына шомылып, ержетіп келеді. Интеллектілік келбеті айрықша, осы уақытқа дейін 20-Алтын, 10-Күміс, 3-Қола медальдарын иеленген Бағдатұлы Диас 2007 жылы 13 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласындағы №52 мектептің талантты шәкірті. Оқу озаты сапалы білімімен қатар өнер сахнасында би жанрында даралық болмысымен ерекшеленіп, жетістіктер биігінен көрініп келеді. Мақтауға да, мақтануға да лайық дарабоз.
Дарынды жас Диастың да өнер мен шығармашылық қабілетке қызығушылығы тектен-тек емес еді. Себебі, қазақ халқына танымал атасы Жүрсінбаев Мырзабай – жазушы, этнограф-ғалым, филолог, бірнеше кітаптардың авторы. Көңілі жазиралы даладай кең, жылы жүзді әжесі Бұзаубаева Райхан – ұзақ жылдар бойы саналы ұрпақты білім нәрімен сусындатқан ұлағатты ұстаз, математика пәнінің майталман маманы. Бұл күнде зейнеткерлік демалыста немерелерінің қуанышына марқайып отырған қос қазынасы. Балаларының жетістігіне шаттанып, оларға ата-аналық қамқорлығын көрсетіп отырған жарасымды жұп, қос бәйтерегі, ардақты әкесі Маханов Бағдат пен аяулы анасы Маханова Кәмшат. Алдындағы арқа сүйер ағасы Мирас Бағдатұлы мен ерке інісі Рауан Бағдатұлы – Диастың қуанышын еселеп отырған бауырлары. Білім мен өнердің адамзат баласы үшін сөнбес жұлдыз екендігін жастай ұғынған білімпаз Диас өнерді қадір тұтады.
Жетістігі: Әр жыл сайын «Өте жақсы оқығаны үшін» Мақтау қағаздары; Республикалық 1-7-сынып оқушылары арасында «Зерде» ғылыми конкурсының ІІІ дәрежелі Диплом иегері; №52 мектепішілік «Алтын күз» конкурсында мәнерлеп оқу сайысының ІІ орын Мадақтамасы; «Open cup BaII Terpsichore Bomond» Қарағанды қаласында өткен конкурстың І және ІІ дәрежелі Дипломы; Спорттық балдық турнирдің жүлдесі; «Bomond – 2016» балдық би фестивалінің екі мәрте І дәрежелі Диплом жеңімпазы; «SiIk way» Нұр-Сұлтан қаласында өткен би фестивалінің І орын Марапаты; «Spring Dance – 2016» конкурсында ІІ орын жүлдегері, Халықаралық «BoIero cup» фестивалінің І-ІІ орын жүлдегері; «Bomond – 2017» балдық би турнирінің І дәрежелі Дипломы; «Amore-vita cup – 2018» конкурсының екі мәрте І дәрежелі Диплом жеңімпазы; «Весенняя капель – 2018» би фестивалінің екі мәрте І дәрежелі орны, Екі мәрте «QyzyIorda open – 2018» жобасы балдық биден І дәрежелі Диплом жеңімпазы; Халықаралық Нұр-Сұлтан қаласында өткен «SiIk Way – Jibek Joly» фестивалінің І-ІІ орын жеңімпазы; «Qazaqstan open – 2018» Халықаралық өнер фестивалінің екі мәрте І дәрежелі жеңімпазы; мектепішілік қазақ тілі пәні олимпиадасына белсене қатысқаны үшін Мадақтамасы; «EngIish Ianguage training centre Astana Kazakstan» ағылшын тілі курсы сертификаты; «Бала Жамбыл» конкурсына белсене қатысқаны үшін Мақтау қағазы; «Жас эрудит» жобасы математика, ағылшын тілі пәні бойынша сертификат иегері; Республикалық «Фариза оқулары» мәнерлеп оқу байқауының І дәрежелі Диплом жеңімпазы; «Балаларды қорғау күніне» арналған спорттық турнирдің І орын Мадақтамасы; Республикалық «Astana snow fest» ашық фестивалінің І-ІІ дәрежелі Диплом иегері; Қостанай қаласында өткен балдық турнирдің үш мәрте ІІ орын жүлдегері; Республикалық «Кубок чемпионов – 2019» (Семей қаласы) ашық фестиваль-конкурсінде І дәрежелі үш Диплом жеңімпазы атанған талантты жас.
Сүйікті ісі: Музыка тыңдау. Би билеу. Спортпен айналысу.
Арманы:Әлем халықтарының салт-дәстүрін зерттеу. Дүние жүзін аралау.