Магзумова Жаннұр

Рейтинг:


«ТАНЫМ КӨКЖИЕГІ КЕҢ АРАЙЛЫ АРУ»
 
      Алдына мақсат қойып, соған жетуге асығатын, ойы терең, ұстанымы жоғары Жаннұр Нұрланқызы 2005 жылдың 29 сәуірінде мерейлі отбасында дүниеге келді. Сәлемдесіп амандасқанынан ақ тәрбиелі отбасыдан шыққаны көрініп, адалдығы сезіліп тұратын Жаннұр – отбасының қырмызы гүлдей құлпырған қызғалдағы, көзқуанышы. Жылуы мол жанұясында 8 жан тату-тәтті күн кешуде. Адамдықтың үлгісін көрсетіп, қашан да жанынан табылып келе жатқан атасы Төленді мен әжесі Бақыттың жарқырағын шамшырағы. Ардақты әкесі Нұрлан мен нұрлы жүзді анасы Айнаш – қос бәйтерегі. Жаннұр – отбасының тұла бойы тұңғышы, жанұяны қуанышқа бөлеп, бақыттың әткеншегінде бірге тербеліп жүрген  Нұржан, Ержан, Нұрәлі есімді бауырлары бар. Жас болса да талай белестерді бағындырып жүрген Жаннұр алғыр да зерек, талапты оқушы. Балабақшаға бармаса да әріпті ерте танып, білім әлемінің есігін алғаш ашып 5 жасында дайындық сыныбына қабылданды. 3-сыныпқа дейін Жаннұр елордадағы №44 орта мектебінде, 4-8 сыныптарды №74 мектеп-гимназиясында білім алуда. Білімпаз шәкірт бүгінде Нұр-Сұлтан каласындағы №86 мектеп-гимназиясында 9-сыныпта оқып жүр. Мектепішілік пән олимпиадалары мен сынып беделі сынға түскен сайыстарда топ жарып шығып, белсенділік танытып жүрген, сыныптастарының мерейін үстем еткен шәкірт қандай мақтауға да лайық. Жан-жақты дамуды қалайтын жігерлі Жаннұр түрлі фотосесияларға қатысып, мәдени-іс шаралардың жүргізушісі ретінде танылып жүр. Бос уақытын тиімді пайдаланып, өзін жаңа қырымен танытуға күш салуда.  Арманы асқақ, ойы ұшқыр, руханиятқа жақын шығармашыл Жаннұрдың мақсатқа жететіні анық.
    Жетістігі: Мектепалды даярлық тобының «Кішкентай ару» байқауының ІІ орын, «Қыз сыны – 2014» байқауының жеңімпазы, ІІІ орын, «Елім менің еңселі» мәнерлеп оқу сайысының ІІ орын иегері. 2015 жылы «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша өткізілген «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты ІІІ қалалық ауызша командалық олимпиаданың Мақтау қағазын иемденген. «Ақ бота» интеллектуалдық марафоны бойынша Сертификат, ІІІ орынмен Диплом иемденді. Қалалық олимпиададан орыс тілі пәні бойынша грамота иегері. «BRITISH BULLDOG» Халықаралық зияткерлік конкурсының Сертификат иегері. 
    Сүйікті ісі: шығармашылықпен айналысу, сурет салу, би билеу, музыка тыңдау.
    Арманы: Жоғары білім алу, танымал журналист, білікті маман болу.











Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости