«БОЛАШАҚ КИНО ӘЛЕМІНІҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ»
«Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас биікке ұшпай» дегендей, өскенде тек мақсатқа қол жеткізетін азамат атануды қалайтын өршіл өрен. Мақсаты айқын, ұстанымы жоғары, арманы асқақ Куаналиев Диасыл Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында 2007 жылы 27 қазанда өнегелі отбасында өмірге келді. Қадірлі ата-анасы перзенттерін болашағының темірқазығына балап, намысты, рухты қасиеттерге баулып келеді. Парасат-пайымы жоғары, келбеті кемел әкесі Куаналиев Сергей Ерсайынұлы мен жібек мінезді, жылы жүректі мейірбан анасы Кожахметова Рая Тұрарқызы – жеке кәсіпкерлер қатарында. Диасылдың алдында жанашыр әпкесі Диана Сергейқызы бар, ол бүгінде отбасын құрған, 2 баланың ардақты анасы. Өзінен кейінгі інісі Илияс Сергейұлы №42 «Ақниет» мектеп-гимназиясының 1
«Ж» сынып оқушысы. Білімпаз, Диасыл қазіргі кезде Орал қаласындағы №42 «Ақниет» мектеп-гимназиясының 6 «Г» сыныбында білім көкжиегін бағындыруда. Білімпаз шәкірт – сыныбының белсендісі, ұстаздары мен ата-анасының мақтанышы. Сыныпішілік, мектепішілік сайыстар мен пән олимпиадаларында, өнер жарыстарында үздік өнер көрсетіп жүрген жайсаң мінезді сабырлы Диасыл сыныптастары ортасында беделді, қатарластары алдында сыйлы. Бос уақыты жоқ деуге де болады. Білмегенін сұрап, білімін толықтырып отыруға құмар оқушы қай нәрседен де хабары бар, жан-жақты болып өсуде. Назарбаев зияткерлік мектебіне түсуді жоспарлап, соған әзірлену үстінде. Руханият әлеміне жақын өнерлі өрен киноға түскенді, шағын роликтер түсіргенді ұнатады. «Папа» атты қысқаметражды фильмге және одан бөлек 2-3 балаларға арналған фильмдерге інісімен бірге түсіп, кино әлеміне енді. Сондай-ақ «Ақжайық» телеканалының «Күншуақ» бағдарламасына және тағылымдық мәні зор әлеуметтік роликке түсіп, ролик жергілікті телебағдарламада күн сайын көрсетіліп, танымалдыққа ие болды, десек те болады. Келешекте кең форматты фильмдерге түсуді мақсат еткен талғамы жоғары, ойы ұшқыр Диасылдың арманы асқақ, талабы таудай, мақсаты мығым. Жұлдызың жарқырай берсін, жас талант!
Жетістігі: «Жастар жылы»
және Астана күні аясында 2008-2012 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында жүзу спорты бойынша өткен спорттық жарыста ІІ орынға ие болып, Мадақтамамен марапатталды. «30-тамыз Коституция» күніне арналған ұлдар мен қыздар арасында спорттық жүзу жарысының І орын жүлдегері, І дәрежелі Диплом иегері. Кино өнерінің жарық жұлдызы болуды қалайтын өнерпаз Диасыл – «KZ.FILM» Продюсерлік орталығының «Актерлік шеберлік» бойынша Сертификат иегері.
Сүйікті ісі: Білімін жетілдіру, суда жүзу, шағын роликтер жасау, фотоколлаж жасау, домбыра тарту, музыка тыңдау, театрға бару, отбасымен бірге демалу.
Арманы: Кең форматты көркем фильдерге түсу, атақты актер, танымал тұлға болу.