Қанжарбеков Ақылжан

Рейтинг:


«БІЛІМНІҢ АЛТЫН САНДЫҒЫНЫҢ КІЛТІН ТАБАМЫН!»
 
      Елжанды, еңбекқор, білімпаз, көзінде оты, бойында жалын бар, білім мен тәрбиенің асыл қазыналарымен жетілген Қанжарбеков Ақылжан 200 жылдық  тағылымды тарихы бар толық отбасында 2009 жылы 10 қарашада дүниеге келді. Кемел ақылды аталары – Әжібеков Қанжарбек, Тұрмағанбетов Әмірхан  мен жаны жайсаң, көңілі дархан, мейірбан әжелері – Алимбекова Закура, Тұрмағанбетова Райханның қолғанаты мен көзқуанышы.  Мейіріміне бөлеп жүрген асылзат анасы Тұрмағанбетова Ақмарал  – Ақылжанның кеңесшісі. Әпкесі Жанна мен қарындасы Мадина барлық бастамаларына қолдау білдіріп келеді. 
Таным бастамасына алғашқы қадам жасағанда, «Ботақан» балабақшасына барды. Білуге, білімге құмар Ақылжан Бақытжанұлы қазіргі таңда Әли Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейдің 4 «Е» сыныбында білім алуда. Сабақтан қолы қалт етсе, кітаптан бас алмайды. Жасыл алаңда доп тебуден де құр алақан емес, спортқа да жақын.
       Жетістігі: 2018 жылы 2-сыныптар арасында өткізілген «Білгірлер» сайысының Мадақтамасы мен 2-3 сыныптарды жақсы оқығаны үшін Мақтау қағазының иегері. «Ақ бота» интеллектуалдық марафонының қатысушысы Сертификатын 2 жыл қатарынан иемденген. «Smartum-олимпиада» ментальная арифметикадан ІV деңгей – АНЗАН олимпиадасының ІІІ орын жүлдегері. Бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиададан ІІ дәрежелі Диплом иемденді. 2018-2019 оқу жылы Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен математика олимпиадасындағы үздік білімі үшін марапатталды. 2020 жылы «ККО.KZ» Веб сайтымен ұйымдастырылған Математика пәні олимпиадасының  І дәрежелі Дипломның иегері атанып, мерейі үстем болды. 
      Сүйікті ісі: Шытырман есептердің жауабын іздеу, білімін жетілдіру.
      Арманы:Болашақта ғылым саласына өз үлесін қосу, білікті маман болу.







Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости