Кунжолов Аңсар

Рейтинг:


«ЖҰЛДЫЗЫ ЖАРЫҚ ЖАС ТАЛАП»
 
      Отбасының үкілеген үміті, ертеңге деген сенімі  Кунжолов Аңсар Алтынұлы – сегіз  қырлы, бір сырлы болып өсіп келе жатқан жас. «Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған» ұлы Абайдың бүгінгі ұрпағы ертеңгі күнін бүгіннен ойлауда. Ойы ұшқыр, қиялы жүйрік жас талаптың ардақты анасы ұлының бойына барлық асыл қасиеттерді дарытып,перзентінің ел сенімін ақтаған абыройлы азамат болып өсуін қалайды. Ажарына ақылы сай, жылуы мен шуағы мол анасы Кунжолова Алия Анламасовна «Жаным» балабақшасының тәрбиешісі қызметінде. Сүйкімді балдырған Аңсар 2010 жылдың 26 ақпанында еліміздің еңселі ердосында дүние есігін ашқан. Отбасының тұңғышы, жанашыр әпкесі Кунжолова Аида –  бүгінде отбасылы. Ал ізінен ерген қарындасы Жарылқасын Қазына – «Жаным» балабақшасының тәрбиеленушісі. Аяулы анасы мен жақсы көретін қарындасы бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Сабырлы, ер мінезді, бір сөзді Аңсар бүгінде нағашы әпкесін Кунжолова Ғалияның қолында тәрбиеленуде. Жаны жайсаң, көңілі көркем әпкесі Ғалияның 4 перзенті бар, ал Аңсар бесінші баласындай десек, артық айтқандығымыз емес. Жауапкершілігі мол шәкірт, «Білген адам білімді өмір бойы іздейді» деген ұстанымда.  Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясынын 4 «в» сыныбын үздік бітіріп, мерейі үстем болды. Ізденімпаз, зерек, алғыр Аңсар алғашқы ұстазы Кожанулова Арайлым Рапилбекқызына шын жүрегімен алғыс білдіреді. Математиканың бас қатырар есептерінің шешімін өз бетінше тауып жүрген талапшыл жас спортқа да біртабан жақын. Заман талабына сай ағылшын тілін үйренуді де қолға алған Аңсардың арманы асқақ, мақсаты биік.
      Жетістігі: «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» Халықаралық Бірлестігінің 10 жылдығы құрметіне арналған «МӘҢГІ ЕЛ, ҚАЗАҚСТАНЫМ!» ғылыми-практикалық конференциясындағы құнды ғылыми жобасы, баяндамасы үшін І дәрежелі Дипломға лайық теп табылды. 4-сыныпта мектепішілік математика пәні олимпиадасынан жүлделі ІІ орынды иемденді. Жас спортшы Грек-рим күресі бойынша ІІ, ІІІ орындардың жүлдегері, бірнеше Мадақтамалардың иегері. Оның алар асулары әлі алда екені анық.
      Сүйікті ісі: Кітап оқу, есеп шығару. Грек-рим күресімен шұғылдану, футбол ойнау.
      Арманы: ІТ саласының білікті маманы болып, түрлі жобаларды жүзеге асыру арқылы халықтың мақтанышы, танымал тұлға болу.



Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости