«ЖІГЕР МЕН ҚАЙСАРЛЫЛЫҚ – ЖЕТІСТІК МІНБЕРІ»
Әрбір адам өз өмірінде белгілі бір мақсаттың жетегінде жүреді. Сол мақсат-мұратына жету жолында бойындағы бар күш-жігерін жұмсайды. Адамның алға қойған арман-мақсаты, оның бойындағы ұлылық, адами қасиеттерін көрсетеді. Айқын мақсатының бір тармағы – келешек кемерінде нейрохирургия саласының кәсіби маманы атану жолында табысты еңбек етіп жүрген жас буынның бірі Исаева Айгерім. Маңғаз Маңғыстаудың киелі топырағынан қанаттана қияға самғап келе жатқан дарынды жас Исаева Айгерім Рүстемқызы 2006 жылы 16 желтоқсанда дүниеге келген. №23 «Ақмоншақ» балабақшасында бақытты балалық шағын
![]()
өткізген өнерлі балауса – бұл күнде Ақтау қаласы, ІТ мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы. Отбасының базары мен шаттығы – жүрекке шуақ сыйлайтын перзент күлкісі. Айгерімнің атасы Исаев Нұрберген Ұлы Отан соғысының ардагері. Жасалған ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз», «ІІ дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен марапатталған. Елі үшін, жері үщін аянбай еңбек еткен. Қасиетті шаңырағының татулығы мен ауызбіршілігін мақтан тұтатын зерек арудың әкесі Исаев Рустем мен отбасын жан жылуымен жылытып отырған аяулы анасы Нуртилеуова Райгул: «Отбасы – біз үшін киелі ұғым» деп санайтын парасатты жұп иелері. Артына ерген сіңлісі Исаева Айсұлу Рустемқызы 2012 жылы 22 наурызда Ақтау қаласында өмірге келген. №11 мамандандырылған физика-математикалық мектебінің 2-сынып оқушысы.
Жетістік мінберіне көтерілуде басты септігін тигізетін адам бойындағы қасиеттердің маңыздысы – жігер мен қайсарлық. Исаева Айгерім де бойына біткен осы қасиеттерінің негізінде білім мен танымдық сайыстарды жүлделі орындардан көрініп, оқушылық келбетін айшықтап келеді.
Жетістігі: «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінің ІV кезеңінде «Мемлекеттерге саяхат» топтық жарыста ІІ орын Диплом иегері атанған «Жігер» тобы құрамында марапатталды; 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мектепішілік 6-сыныптар арасында өткен «Ұлт көшбасшысы» атты мәнерлеп оқу сайысында І орын Мадақтамасы; 1-7-сынып оқушылары арасындағы Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңінде биология-химия секциясы бойынша ІІ дәрежелі Диплом жүлдегері; ЖББ пәндердің жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 7-8-сынып оқушылары арасындағы олимпиадада биология пәні бойынша ІІ дәрежелі Диплом жүлдегері; «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Күй құдіреті» домбырашылар байқауында көрсеткен шеберлігі үшін ІІ орын Дипломы марапаты: Республикалық «Құрманғазы – 200 жыл» балалар мен жастар байқауында «Аспапта орындаушылық» номинациясы бойынша жоғары деңгейде орын көрсеткені үшін ІІІ дәрежелі лауреат және Диплом иегері; Республикалық «Ұлы дала Ұрпағы» бүлдіршіндермен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған өнер мен білім байқауында «Аспапта ойнау» жанры бойынша өнер көрсеткені үшін ІІІ дәрежелі Диплом иегері атанды.
Сүйікті ісі: Сурет салу. Домбырада ойнау.
Арманы: Заманауи келбетін қалыптастырып, нейрохирург мамандығын меңгеру.