Жұмағали Қуаныш

Рейтинг:
«АҚТАУЫМ – БІРЕУЛЕРГЕ АРМАН ҚАЛА»
 
      «Туған өлке! Маңғыстау-Ақтау! Маңғыстауым – біреулерге маңғаз дала, Ақтауым – біреулерге арман қала. Қарт Каспиім аққулардың мекені боп, Құшағын айқара ашқан өзге жанға» деп туған жерінің қасиеті мен киелілігін жырға қосқан дарынды жас Жұмағали Қуаныш – кіндік қаны тамған туған топырағын мақтан тұтады.  Ерболұлы Қуаныш 2006 жылы  4 қыркүйекте Ақтау қаласында дүниеге келді.  Отбасында   ақылы мен даналығы қатар өрбіген, қазыналы  қарттары: атасы Абдуллаев Жұмағали мен жылы жүзді әжесі Құсайынова Зәуреш, ардақты анасы Абдуллаева Балшырын және ізіне ерген інісі Жомарттың қолдауы мен ыстық ықыласына бөленіп, ержетіп келеді.  Арда туған азамат әкесі  Абдуллаев Ербол Жұмағалиұлы қос құлыншағының қызығын көре алмай, бұл пәниден ертерек кетті. Тектілік пен ер азаматқа тән қайсарлықты бойына дарытып отырған атасы мен әжесінің өнегелі тәрбиесін  балақай Қуаныш №28 балабақшасында жалғастырды. Өз қатарластарымен түрлі мерекелік шаралар мен спорттық додаларда белсенділік танытып, балабақша қабырғасымен де қоштаса отырып, №24 мектептің табалдырығын аттайды. Бұл күнде 7-сыныптың үлгілі оқушысы.  «Жігітке жеті өнер де аз» деген емес пе?!  Білім мен спортты құстың қос қанатындай қатар алып, әке атына кір келтірмей, соңына ерген інісіне үлгі болып жүр. Інісі Жомарт та спортпен шұғылданып, жан-жақты жетіліп келеді.  «Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрледің» демей ме ұлы ақын Абай ұлына қарата?!   Қуаныш та алға қойған мақсатына жету жолында тер төгіп, табандылық танытып,  додалы бәсекелерде жаңа қырымен танылу үстінде. 
      Жетістігі:  Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафоны  сертификаты;   Мектепішілік «Жігіт сұлтаны» сайысында «Ақ пейіл жігіт» номинациясы бойынша арнайы Диплом иегері; «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Нұрсұлтан қаласының 20 жылдығы мен  Ақтау қаласының 55 жылдығы мерекесіне орай «Асық атудан» қалалық ашық жарысында ІІІ орын жүлдегері;  Муай-Тайдан жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында ІІ дәрежелі Диплом жеңімпазы;  Муай-Тайдан ҚР спорт шеберлігіне үміткері куәлігі; 8 наурыз – Аналар мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ана мен бала» сайысына қатысып, белсенділік таныта отырып,   «Жұмағали отбасы»  І орын Грамотасымен мадақталады. 
      Сүйікті ісі:  Спортпен шұғылданып, дене сымбатына көңіл бөлу. Бос уақытында әдеби кітаптар оқу.
      Арманы: Қазақ еліне адал қызмет көрсетіп, ақ халатты абзал жан-дәрігер атану.



















Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости