Жұмабай Марлен

Рейтинг:

«АЛДЫМДА ТОЛҒАН ТАҢДАУ, ТОЛҒАН АРМАН...»

      «Адам баласы өзін-өзі жетілдіру арқылы өз мақсатына жетеді» демей ме?! Менің  де алға қойған мақсаттарым  балалық жүрегімде орын алған. Отандық кәсіпкерлікті дамытып, жеке кәсіп иесі болсам деймін. Екінші жағынан, мектепте химия пәнін сүйіп оқимын. Осы пәнге деген қызығушылығым шексіз. Бос уақытымда лабораторияда отырып, химиялық реакциялармен   тәжірибе жасауға машықтанып келемін. Болашақтағы мамандығымның да химия саласымен байланысты болғанын қалар едім. Отандық өндірістің дамуына бірден-бір себеп – химия саласы ғой деп ойлаймын. Отандық шикізатты ішкі және сыртқы рынокта экспорттап, ұлы елім алдындағы   аз да болса перзенттік парызымды өтесем, «толыққанды азамат» болып қалыптасқаным болар еді», – деп өз ойымен бөліседі жас химик Жұмабай Марлен. Есенгелдіұлы Марлен 2007 жылы 14 тамызда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында туған. Бір жарым жасында «Бәйтерек» балабақшасының есігін ашып, алғашқы жаңа ортамен, жаңа достарымен тез тіл табысып кетеді. Мектеп жасына толғанда Ә.Жангелдин атындағы мектебіне қадам басып, 1-6-сынып аралығында аталған білім ордасының үздік шәкірті атанған. Қазіргі күні Атырау қаласындағы алдыңғы қатарлы оқу орны «ІТ мектеп-лицейінің» 7-сынып оқушысы. Өнегелі тәрбие мен даналықтың дәнін себуде қазыналы қарттарымыздың орны ерекше. Марлен де бақытты балалық шағын нағашы ата-әжесінің қолында өткізіп, қос бәйтерегінің ыстық ықыласына бөленген. Атасы мен әжесі бала Марленді жас кезінен адалдыққа, қайсарлыққа, төзімділікке баулып, атасы спортпен айналысуына де себепші болады. Дарынды ұлан қазіргі таңда біліммен қатар спорттың грек-рим күресімен айналысып, футболдан да жетістіктер мінберіне көтеріліп жүр. Осы орайда, зерек жас Марлен тағылымды тәрбиесі, парасатты өнегесі үшін нағашы атасы мен әжесіне, ұлағатты ұстаздары, білікті педагог  Г.Е.Жақсығұлова мен Ешниязова Манар апайларына  шексіз шәкірттік алғысын білдіреді. Көпбалалы отбасының перзенті Марлен – балалардың тұңғышы. Теміржол саласында еңбек ететін әкесі мен анасының, қос інісі Марғұлан мен Әділеттің, ерке қарындасы Айшабибінің мақтанышы. 
      Жетістігі: Республикалық  дәстүрлі интернет олимпиадасында математика пәні бойынша І дәрежелі Диплом жеңімпазы мен   ағылшын тілі  пәнінен ІІ дәрежелі Диплом, қазақстан тарихы пәні бойынша ІІІ дәрежелі Диплом жүлдегері; «Мұрагер» интеллектуалды білім порталы «Тұғыры биік» сайысында ІІ орын жетістігі;  «Ақ бота» интеллектуалдық марафоны сертификаты мен ІІІ орын Дипломы;   «Кішкентай Зияткерлер» атты интеллектуалдық ойын байқауының І дәрежелі Диплом жеңімпазы; Мектепішілік математика пәні олимпиадасында ІІ орын мадақтамасын иеленген.
      Спорттық бағытта: Грек-рим күресінен І санатты спортшы. Нұр-Сұлтан  қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған аудандық кіші футболдан І орын жеңімпазы; «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне арналған кіші футболдан ІІ орын жүлдегері; Ақтөбе футбол клубы филиалының ашық турнирінде ІІ орын иегері; Облыстық кіші футбол біріншілігінде ІІ орын жүлдегері атанған.
      Сүйікті ісі: Достарымен футбол, волейбол, әкесімен шахмат ойнағанды ұнатады. 
      Арманы:  Химия саласының маманы атанып, отандық кәсіпкерлікті дамыту.



Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости