Жасұлан Әсел

Рейтинг:
     
 «КӨРКЕМ СӨЗ ӨНЕРІНІҢ  ШАМШЫРАҒЫ»

Жасұланқызы Әсел – 2006 жылы 1 қарашада  дүниеге келген алтын ғасыр ұрпақтарының бірі. Балалық шағы  Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылында өтті.  Қазіргі күні Атырау қаласында тұрады. 2008 жылы «Алтын кілт» балабақшасында тәлімді тәрбиесін жалғастырған Әсел 2012 жылы Атырау қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы №5 орта мектебінің оқушы партасына отырды. Алғашқы ұстазы Журканова Анар Хамзақызынан сапалы білім мен өнегелі тәрбие алды.  Жасұлан Әсел 2016 жылы Х.Ерғалиев атындағы №35   мектеп-гимназиясында 5-сыныптан бастап, сынып жетекшісі,  білікті ұстаз Масалимова Мөлдір Асқарқызының бағыт-бағдарымен оқушылық портфолиосын жетістіктер салмағымен толықтырып жүр. Отбасында әкесі Жасұлан, анасы Алтынай, ағасы Еркебұлан, сіңлісі Еркеназ, інісі Ерсұлтан және  қазыналы қарт  Құндыз әжесімен бірге тұрады. Атасы Бағытжан және кіші әжесі Мауттың сүйкімді немересі, апасы Гулбаршынның ерке қызы. Білім мен зияткерлік сайыстарда дараланып жүрген дарынды оқушы  кәсіби маман, білікті ұстаздары: Гулнара Бахитқызы, Қалиева Сапаргүл, Раушан Аманғалиқызы, Гүлім Әбдікәрімқызына  шәкірттік шынайы алғысын айтады.  Сабақтан тыс уақытта  қосымша «Қарақат мектеп-студиясына» актерлік шеберлік сабағына қатысады. Көптеген додалы сайыстар мен байқауларда рухани қолдау танытып жүрген жетекшісі, ұстазы Қамысбаева Гүлназ Темірбайқызы – өз ісінің майталман маманы.
      Жетістігі: Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен математика олимпиадасының І дәрежелі Диплом жеңімпазы; «1 маусым – Балаларды қорғау күні» шарасына белсене қатысқаны үшін Алғыс хат иегері; Мектепішілік  «Алтын күз» мерекесіне белсене қатысқаны үшін  және «Мәнерлеп оқу» сайысы бойынша Мақтау қағазы;  «Умники-умницы»  брейн-ринг конкурсында  ерекше қабілеті үшін грамотасы;  Орыс тілі мен әдебиеті  онкүндігі іс-шарасындағы белсенділігі үшін Диплом иегері; Ағылшын тілі пәні онкүндігі аясында ұтқыр ойы, білімпаздығы үшін  Алғыс хат марапаты; Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы: «Ізгілік   – адамның басты рухани-адамгершілік құндылығы» тақырыбында «Үздік спикер» номинациясы;  Өзін-өзі тану   пәні онкүндігі аясында «Алтын жүрек анамыз» көркем сөз сайысында ІІІ орын дипломы;    Қалалық 1-7-сынып оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалар байқауында орыс тілі мен әдебиеті пәні секциясы бойынша жүлделі ІІІ орын Дипломы, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Өнерлі қыз, өнегелі Ана» сайысында   анасы Үмбетова Алтынай мен қызы Жасұлан Әселдің І орын мадақтамасы;  Мектепішілік математика пәні олимпиадасының І дәрежелі Диплом жеңімпазы; Х қалалық «Мақатаев оқуларында» ерекше қабілетімен дараланып Алғыс хат иемденген. Дойбыдан мектеп оқушылары арасында жекелей қалалық чемпионатының ІІ аймақтық турнирінде ІІІ орын Дипломы;  «Өз белсенділігін танытқаны үшін» арнайы Диплом иегері; «Құстар – қанатты достар» атты облыстық байқауға қатысқанын растайтын сертификаты;  Республикалық «АTYRAU MUSIC FESTIVAL» байқауының Диплом иегері; Қыздар арасындағы футбол турнирінің  арнаулы Дипломы; QALAMGER.KZ әдеби-танымдық порталы ұйымдастырған Республикалық «Алтын күз» шығармашылық онлайн байқауында ІІІ дәрежелі Диплом; І Республикалық «Қазақстан таланттары» Рухани-патриоттық байқауында «Көркем сөз өнері» номинациясында Бас Жүлде иеленген дарабоз. Рухани жаңғыру: «Өнеге» интеллектуалды білім порталының Республикалық қашықтықтан өткізілген «Мәнерлеп оқу» байқауының І дәрежелі Диплом жеңімпазы атанған дарынды жас. 
      Сүйікті ісі: Ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқу. Шахмат ойнау. Бисермен шұғылдану.
      Арманы:  Білімнің биік шыңында табыс биігінен көріну. Жоғары білімді маман атану.






Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости