Жақсылық Тәукехан

Рейтинг:
      
 «ЖАҢА ҒАСЫР ТЫНЫСЫ»
 
      «Ей,тәкаппар дүние! 
Маған да бір қарашы.
Танисың ба, сен мені,
 Мен – қазақтың баласы!» деп  сыршыл ақын Қ.Аманжоловтың отты жырымен рухтанатын, жұдырықтай жүрегі «Елім, жерім, Отаным!» деп дүрсіл қағатын жалынды жастардың келешекке сеніммен қарауы  –  жаңа ғасыр азаматының заманауи үні. Бүгінгі жас ұрпақ үшін сапалы білім алудың даңғыл жолы еш кедергісіз ашық. Өзінің азаматтық болмысын терең білімі және заманауи тұлғасымен қалыптастыруды көздеп жүрген жалынды жас өрендердің қатарында Жақсылық Тәукехан да ержетіп келеді. Беделұлы Тәукехан 2011 жылы 5 мамырда шырайлы өңір Шымкент қаласында дүниеге келген. Туған қаласы төсінде орын тепкен №97 «Ақмарал» балабақшасынан қанаттанып ұшқан жас өрен – бүгінгі күні Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясының   белсенді шәкірті, алғыр оқушы. Қазыналы қарты Тастанов Жақсылық атасына ұқсаған Тәукехан да өз алдына еңбекқор жас. Отбасының перзенттеріне:   «Өмір – күрделі құбылыс. Осы өмірде өз орныңды қалыптастыру үшін жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажырата білуге күш салуың керек. Ол үшін жақсы талғам, ақылмен пайымдағаның дұрыс. Ешқашан ашушаң, күйгелек болма. Есті адам үшін маңызды қағида – бойыңды кернеген   мінезіңді тежей білу. Өзін-өзі ұстай білу қасиеті бар адамның жүрегі де үлкен болады» деген әкелік тағылымын айтып отыратын ардақты әкесі Тастанов Бедел Жақсылықұлы мен жылы жүзді анасы Сандуғаш Темірханқызы – шаңырақтың кенжетайы Тәукеханға бар мейірімі мен шуағын шашып отырған сабырлы жұп. Өзінің алдындағы бауырмал бауырлары: әпкесі Арайлым мен Мерейлім және арқа сүйер ағасы Көшімхан Тәукеханның өз атына лайық ұлы қазақ елінің мақтанышы, тұлғасы биік азамат боларына сенімді. Білім мен зияткерлік байқауларда дараланып жүрген дарынды шәкірт сабақтан тыс уақытында, денсаулығы мен дене сымбатын жетілдіру үшін  Евгений Халатовтың жеке футбол клубына барады.
      Жетістігі: Халықаралық «ПОНИ» сайысының сертификаты; Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен қазақ тілі олимпиадасының үздік білімі үшін  І дәрежелі Диплом жеңімпазы;  Республикалық шығармашылық конкурсы «Мой любимый мультипликационный герой» сертификаты; «Жас ғалым» жастар орталығы «Бәйтерек» зияткерлік олимпиадасына қатысушы сертификаты; «Самұрық» Республикалық математикалық зияткерлік олимпиадасының қатысушысы сертификаты; «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірнеше тілді меңгерген қабілетті тұлғаны дамыту мақсатында 2-11-сыныптар арасында «ALTYN QYRAN – ерекше дарын иесі» зияткерлік олимпиадасының қатысушы сертификаты; Үштілділік бойынша мектеп оқушыларының «ALTYN QYRAN – ерекше дарын иесі» зияткерлік олимпиадасының қатысушы сертификаты;
      Сүйікті ісі: Жүзумен айналысып, футбол үйірмесіне барады.
      Арманы:  Әкесі салған сара жолды жалғастырып, бизнесмен болғысы келеді.




Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости