Бұрхан Мадина

Рейтинг:

«БИ – ОПТИМИСТІК КӨЗҚАРАСЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ»
 
      Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың болашағы деп білген. «Балаға  берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталуы тиіс» деген арда ақын Мағжан Жұмабаев қағидасын ұстанымына айналдырған Бұрхан Мадина Спартакқызы – балалық балдәуренінде  киелі де қазыналы қарттары, ақ тілеулі  мұнайшы атасы Мәжит Тасқалиұлы мен алақаны аялы, құшағы саялы, зейнеткер  әжесі Роза Қойманқызының ертегілерін тыңдап өскен балаусаның бірі. Сабырлылық пен шыдамдылық, қайсарлықтың бейнесін перзенттеріне дарытып отырған әкесі Мәжитұлы Спартак  – жоғары білімді энергетик. Аяулы анасы Сағынбайқызы Айжан  2011 жылы бұл дүниеден мәңгілік мекеніне аттанған. Адам баласының жан жарасына шипагер болсам деп армандайтын балауса Мадина 2007 жылы 15 тамызда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кентінде өмірге келді. 2013 жылы №22 орта мектебінің 1-сыныбына барады. Қазіргі таңда аталған мектептің 7-сыныбында оқиды. Оқу озаты. Соңынан ерген сүйікті інісі Мейіржан Спартакұлы да – №22 мектептің 3-сыныбының алғыр оқушысы.  «Білген адам білімді өмір бойы іздейді», –  дейді атақты данышпан Ахмет Иүгінеки. Бұрхан Мадина да білім мен зияткерлік, өнер бәсекелерінде өзінің ізденімпаз, талантты  оқушы екенін дәлелдеп келеді. Отбасының  ақмаңдайлы бұрымдысы: «Сыныптан тыс уақытымда қосымша би үйірмесіне қатысамын. Би билегенді жақсы көремін. Би – іс-әрекет қозғалысы ғой әрі өмірге деген құштарлығыңды туғызады. Қыз бала болған соң, дене бітімімнің де сымбатты болғанын қалаймын»,  – дейді зерек жас Мадина.
      Жетістіктері: Әр жыл сайын  «Өте жақсы оқығаны үшін» Мақтау грамотасымен марапатталады. 2015 жылы 1-4-сыныптар арасында ұйымдастырылған «Би – сұлулық  мұраты» сайысында I орын иегері; 2015 жылы «Инфоурок» проектісі бойынша қашықтықтан ұйымдастырылған олимпиадада  «Қоршаған орта», «Математика», «Көркем әдебиет» пәндерінен I  дәрежелі Диплом жеңімпазы; 2018 жылы Жылыой ауданындағы мектеп оқушылары арасында  «Өнерімді еліме арнаймын» атты шараға  қазақ және өзбек билерімен қатысып, өнерлі қабілеті үшін  Алғыс хат иеленеді.
      Сүйікті ісі: Үй шаруасымен айналысу. Тәтті-дәмді тағамдар әзірлеу. Волейбол ойнау.
      Арманы: Ақ халатты абзал жан – дәрігер болу. 

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости