«Бозторғай» үлгілі ән-би ансамблінің ұлт-аспаптар оркестрі

Рейтинг:

«ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАП, ӨНЕРІМЕН ӨРГЕ ЖҮЗГЕН ЖҰЛДЫЗДЫ ҰЖЫМ»
 
      Өмірді сүйетін, өнерді сүйетін, талғамы бөлек, талабы жоғары, рухани дүниесі бай балалардың шығармашылық ұжымы «Бозторғай» үлгілі ән – би ансамблі 1974 жылы құрылған. Қазіргі таңда Қазақ еліне танымал, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп жүрген «Бозторғай» үлгілі ән – би ансамблінің құрамында 6 жастан бастап 18 жасқа дейін 400-ге жуық өнерпаз бала бар.Өз өнерімен елдің рухын көтеріп, адамзат баласына шексіз қуаныш сыйлап, халқымыздың мәдени талғамы мен танымын қалыптастырып, қазақ деген ұлы халықтың әлеуметтік-рухани құндылықтарын жұртшылыққа паш етіп жүрген киелі өнер кез келгеннің басына қона бермейтін бақыт.Өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға  Қорқыт Ата өз кезінде  «Өнегелі болса, бала көрікті» деген сөзді бекер айтпаса керек. Бозторғай  үлгілі ән – би ансамблі ұлт-аспаптар оркестрінің  қазіргі таңдағы құрамында 40 оқушы өнер көрсетіп келеді. Ансамбль ұжымның жеңісі – әр қатысушының жеңісі, ал әр қатысушының жеткен нәтижесі – ұжымның үлкен дәрежесі болып есептеледі. Жеке тұлға тәрбиелеуде түрлі көркемдік ұжымдар   (ансамбль, хор, хореография, музыка және ән театры, дәстүрлі ән) белсене ат салысады.Танымал ұжым осы уақытқа дейін көптеген өнер байқауларына қатысып, жүлдегер атанып келеді. Конкурсқа қатысушы ансамбль құрамындағы жас өнерпаздар, үлкен өнерге баулыған үрдісті еңбектері үшін көптеген оқытушылар дипломдар, бағалы сыйлықтар, алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. 
      Ансамблдің жетістігі: TARAZ MUSIC Gamez республикалық байқаудың  және Ж.Жабаев атындағы Халықаралық конкурстың, Республикалық «Өнерлі балақайлар» ән-би және өнер байқауының, «Халық аспаптары» номинациясы байқауының  І орын жеңімпазы.  Сондай-ақ Республикалық «Жас дарын АРТ Қазакстан»  ән-би байқауы мен Республикалық «Өнерге қанат қақандар» ән- би байқауының І орын жүлдегері. Республикалық «77» телеарнасының «Ұлы дала дарыны» байқауынан  І орынмен   Күміс жүлде иегері атанды. «Жас Ұлан»   патриоттық әндері ХХ Республикалық фестивалінің аспапта ойнау жанры номинациясы бойынша, Республикалық Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың 52-ші  фестиваль-байқауы  мен облыстық «Burabay suumer fest» Халықаралық балалар мен жасөспірімдердің телевизиялық фестивалінің байқауынан  жүлделі ІІ орынды иемденді. Өнерімен өрге жүзген өнерпаз ұжым Халықаралық «Новый ветер», Республикалық «Ұлы дала ұрпақтары» өнер мен білім байқауында, «Өнерім өмірім» өнер байқауының, Республикалық «Біз іздеген таланттар» жас таланттар байқауынан  Бас жүлде иемденіп, мерейі үстем болды. Республикалық «Біз іздеген таланттар» жас таланттар байқауы және «Қош келдің құтты Наурызым» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық байқауының, Республикалық «Жас дарын» балалар байқауының Халықаралық «Сариеер Муниципалитетінің» ІV фестиваль балалар кеңесінің декларациясы мен Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» байқауынан  Бас жүлде иемденіп, мәртебесі биік болып, Алтын тұғырға көтеріліп, жемісті еңбектің лайықты бағасын алды.«Таланттылар раушан гүлі сияқты жан-жағына жұпар шашып, көңіл ашады»  деген жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза ағамыздың сөзі «Бозторғай» үлгілі ән-би ансамблі ұлт-аспаптар оркестрінің  ұжымына қаратып айтылған десек те болады.







Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости