Берік Дамир

Рейтинг:

«ОТБАСЫ – ТІЛЕК ПЕН ҮМІТ ҰЯСЫ»

      Заманымыздың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев: «Ақиқаттың мекені – жүрек. Оған мына кеңістіктің бетінде бардың бәрі сияды» деген еді. Ата-анасының мейірімді жүрегінен орын алған, «Балалы үй – базар» деп ұғынатын көпбалалы отбасының перзенті Сағындықұлы Дамир – атасы мен әжесінің қолғанаты, балалардың тұңғышы. 2010 жылы 13 қыркүйекте Атырау қаласында дүниеге келген. Қара шаңырақтың қазыналы қариясы Шанкутова Мунира әжесіне еркелеп өскен Дамир болашағының жарқын боларына сенімді.  Шаңырақтың балапандарына аталық ақ батасын арнап, даналықтың жолын көрсетіп отырған атасы Хайруллин Берік пен  асыл әжесі Жанбулатова Зояның саялы көлеңкесінде, «Отбасы  – ар-намыс, қуаныш пен бақыт, тілек пен үміт ұясы. Ұяны құс та таза ұстайды» деген   тәлімін ұлдарына арнап жүрген ер мінезді әкесі Хайруллин Сағындық пен аяулы анасы Битималиева Дананың мейірімі мен сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген, ауызбіршілігі мен ынтымағы жарасқан жарасымды жанұяның кекілді жеткіншегі. «Інісі бардың кең тынысы бар» демей ме ұлы қазақ халқы. Дамир де – өзінің ізінен еріп келе жатқан бауырлары: Данияр, Тамерлан және кішкентай батыр Азизге үлгілі аға, арқа сүйер  қамқоршысы. «Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына межелі мақсат қоя білуінде. Ол мақсат тек шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруымен мәнді» деген ұлы ойшыл Әл-Фарабидің даналы ойын үнемі перзенттеріне   дарытып отыратын атасы мен әжесінің өнегелі тәрбиесіне ризалығы шексіз. 
      Елбасы Н.Назарбаев бүгінгі дарынды жастарға қарата: «Сендердің білімдерің – ол сендердің еңбектеріңнің нәтижесі, сендердің жарқын болашақтарың» деген еді. Сапалы білімі мен спорттағы жетістіктері арқылы отбасының жақын жандары мен ұстаздарын  қуанышқа кенелтіп жүрген дарабоз ұлан Берік Дамир – Қаныш Сәтпаев атындағы №19 мектеп-гимназиясының дарынды шәкірті. Танымдық-зияткерлік байқаулар мен спорттың аламан додасында жаңа қабілетімен дараланып келеді. 
      Жетістігі: Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен  математика олимпиадасындағы үздік білімі  үшін ІІІ дәрежелі Диплом жеңімпазы; «Тәуелсіздік – тұғырым» атты шығарма жазу сайысында І дәрежелі Диплом жеңімпазы;  «BILGEN BAIGE» Республикалық олимпиадасының іріктеу кезеңіне қатысып, аудандық кезеңінде сертификат иегері, облыстық кезеңінде ІІ дәрежелі Диплом жүлдегері атанған. Бірнеше сертификаттар мен Алғыс хаттарын иеленген дарынды щәкірт.
      Сүйікті ісі: Мәнерлеп оқу. Кітап оқу.  Математикалық амалдар мен логикалық есептер шығарғанды ұнатады. Дене шынығу жаттығуларын жасап, футбол ойнау.
      Арманы: Жүзу спортының шебері атану. Халықтың қалаулысы, ел қамын ойлайтын  әділ әкім  де болғысы  келеді.







Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости