![]()
«АЛАР АСУЫ МОЛ ДАРЫНДЫ ЖАС»
Көңілі көркем, талғамы жоғары, қиялы ұшқыр өрен. Сапалы білімнің биікке жетелейтінін түсінетінін балауса Бектемисова Ақерке Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында 2008 жылы 26 қыркүйек дүниеге келген кемел келешектің иесі. Бақ дарып, өнер қонған шаңырақтың ару қызы Ақерке – «Әке көріп, оқ жонған, ана көріп, тон пішкен» перизат. Озық ойлы, еңбекқор әкесі
![]()
Дүйсекенов Тыншибек Бектемисұлы – құрылысшы. Ақылына ажары сай көпшіл анасы Ермагамбетова Тазагуль Хуназбайқызы – «УПГФ» АҚ мекемесінде қойма меңгерушісі қызметінде. Қос бәйтерегінің өнегелі өмір жолы – Ақеркеге үлгі. Жарасымды жұп қыздарының болашағы зор, дара тұлға боларына сенімді. Өйткені олар, қызғалдақтай қыздарына өнегелі тәрбие, талапқа сай жақсы білім беріп отырған парасатты кісілер. Ақеркенің екі апасы бар: үлкені Жанар – «Алтын белгі» иегері, жоғары білімді биолог, отбасын құрған. Жолдасы – Әбіқұл Нұрсұлтан Жорабекұлы. Екінші апасы Шынар – білім ошағын қызыл аттестатпен бітіріп, қазіргі таңда КазГу-дің ІІ курсында грант негізінде жоғары білім алуда. Отбасының тәлімді тәрбиесі сүйкімді бүлдіршін Ақерке үшін «Балдәурен» балабақшасында жалғасын тауып, балабақша қабырғасында белсенділігімен, өнерімен ерекшеленді. Өнер-білімге ынтық, «Оқу – инемен құдық қазғандай» деген ұстанымдағы Ақерке Тыншибекқызы 2015-жылы №13 мектеп табалдырығын аттады. 2017-2019 жылдары №7 орта мектепке барды. 2019 жылы бастауыштан кейін емтихан тапсырып, Лицей-мектебіне оқуға қабылданып, қазіргі таңда 5 «Ә» сыныбының үздік оқушысы. Заман талабына сай ағылшын тілін үйреніп, шеберлігін шыңдауда. Қазіргі кезде білімпаз шәкірт сынып белсендісі, оқу озаты, көптеген сайыстар мен олимпиадалардың жүлдегері, ұстаздарының мақтанышы.
Жетістігі: 2012 жылы 1 Маусым Халыкаралық Балаларды қорғау күніне орай өткізілген сурет салу жарысынаң І орынды жеңіп алды. 2015 жылы балабақшада «Көктем аруы» атты сүйкімді қыздар арасында өткен сайыста Бас жүлде иегері атанды. 2015 жылы №3 балабақшада «Білім жолымен» тақырыбында өткен интеллектуалдық сайыста Бас жүлдені иемденді. 2016 жылы «Зерде» интеллектуалды сайысының І орын жеңімпазы. 2018 жылы «Зерделі» интеллектуалдық білім порталының «Ауылым – алтын бесігім» байқауына қатысып, І орын жүлдегері атанған өнерпаз өреннің алар асуы әлі алда. 1-4 сынып аралығында «үздік оқығаны үшін» марапаттары бар; Ақерке үздік білім нәтижесінде қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Қалалық тоғызқұмалақ сайысынан І орын; «Алаш ардақтылары» мәнерлеп оқу жарысынан І орын иемденді.
Сүйікті ісі: Кітап оқу, ағылшынша сөйлеу, домбыра тарту, би билеу, тоқыма тоқу.
Арманы: Мектепті «Алтын белгіге» бітіру. Жоғары білім алып, аудармашы болу.