Бейсен Еркежан

Рейтинг:

«ЕРЕКШЕ ҮЛГІДЕГІ ДИЗАЙНЕР, ТАНЫМАЛ ТҰЛҒА БОЛАМЫН»
 
      Жібек мінез, дархан жүректі, ақкөңіл, ақжарқын, руханият әлеміне жақын, ойы үшқыр, қиялы жүйрік Еркежан Азаматкызы  ақындардың өлеңдеріне арқау болған сұлу Сарыарқа жерінде 2009 жылдың 21 мамырында өмірге келді. Өнегелі отбасының үкілеген үміті қазыналы қариялардың, ата-анасының ыстық ықыласы мен қамқорлығының арқасында өнерге біртабан жақын болып өсіп келеді. Еркежан – айтары мен берері мол ұлағатты атасы Мешелов Бейсенбек Төлеулы мен ақ жаулығы желбіреген, жүрегі елжіреген мейрімді әжесі Мешелова Атиркуль Нарембайқызының сүйікті немересі. Жоғары ұстанымды парасатты әкесі Мешелов Азамат Бейсенбекұлы – абыройлы азамат. Шарапаты мол асылзат анасы Рымбекова Эльмира Жумаханқызы – бала бақытын басты орынға қойғандар қатарында.  Көпшіл қыздың бауыры Бейсен Алинур Азаматұлы – отбасының шамшырағы. Өз ортасында өнерімен дараланатын көркем балдырған туған қаласындағы «Зерде» мектепке дейінгі даярлық орталығына барып, оң мен солын танып, әдептілікті меңгерді. «Үйренсе білім менен сан өмірің, Білер еді-ау өнердің не берерін» деген ұстанымдағы зерделі Еркежан  1,2,3 сыныптарды №74 гимназия мектебинде оқып, білім әліппесінің бетін ашты. Мектепте өтетін іс-шараларға үзбей қатысып, шығармашылық өнерімен жарқырап көрініп, бүгінде білімпаз шәкірт Еркежан Нұр-Сұлтан қаласындағы №86 мектеп-гимназияның 5 «В» сыныбында білім көкжиегін бағындыруда. Сынып белсендісі, озат оқушы,  көптеген жүлделердің иегері. «Bella Fashion club Astana» модель мектебінің үйірмесіне қатысып, танымын жетілдіріп жүр.
       Жетістігі: Үздік оқушы 2018 жылы 4-сыныпта «Русский медвежонок – языкознание для всех» Халыкаралык конкурсына катысып, ІІІ орын алып Сертификат иемденді. 2017жылы 3-сыныпта орыс тілі пәнінен ІІ Халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысып, І орын жүлдегері атанды. 2018 жылы «BI DAYYSY» атты хореография өнерінен Республикалык байқаудың ІІІ орын иегері.  «Street dance»  аталымы бойынша 2018 жылы қалалық ауызша командалык олимпиадада жан-жақты дайындығы мен сапалы білімі үшін Грамотамен марапатталып, мерейі үстем болды.
      Сүйікті ісі: Тіл үйрену, би өнерімен, қолөнермен айналысу, сурет салу.
      Арманы: Жоғары білім алып, дизайнер мамандығын меңгеру, Ұлы Қазақ Елінің өркендеуіне өз үлесін қосып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөлену.



















Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости