Бахыт Назым

Рейтинг:

«ӨНЕРГЕ, БІЛІМГЕ ҚҰШТАР ЖАС ТАЛАП»
 
      Жайдары мінезді, ұшқыр ойлы, білімқұмар өрен Назым ару Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылында ынтымағы мен бірлігі жарасқан өнегелі отбасында 2005 жылы 19 маусымда өмір есігін айқара ашады. Ізгілік жолынан таймай келе жатқан зерделі, талапшыл, мақсатшыл қыздың еңбекке, өмірге деген құштарлығы асыл текті анасынан берілсе керек. Қазыналы қарт әжесі  Буйенбаева Альмира қазақи тәрбиенің тамыр жаюына негіз болып отыр. Отбасының тірегі мен ұйтқысы болып жүрген жылуы мол аяулы анасы  Буйенбаева Раушан  Сауранбекқызы – бала тәрбиесін басты орынға қойғандар қатарында. Назым – отбасындағы 3 перзенттің тұңғышы. Ізінен ерген сүйкімді сіңілілері Бахыт Еркеназ, Бахыт Інжу бар. «Білім – ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек» деген болатын данышпан Абай. Білімсүйгіш шәкірттердің алдыңғы қатарындағы Бахыт Назым Д.Қонаев атындағы  мектеп-гимназиясының 9 «Б»  сынып оқушысы. Сынып белсендісі, білімсүйгіш шәкірт салауатты өмір салтын ұстанып, қолөнермен айналысады. Ойы ұшқыр, қиялы жүйрік Бахыт Назым руханият әлеміне жақын өнерлі өрен.
      Жетістігі: 2018 жылы ҚР таеквондо (WT) Федерациясының бірінші президенті Бексейіт Түлкиевті еске алуға арналған таеквондо (WT) Республикалық турнирінде жүлделі ІІ орын, 2019 жылы көрсеткішін жақсартып, +51 кг салмақ дәрежесінде І орын алып, Дипломмен марапатталып, мерейі үстем болды. 2019 жылы Жамбыл облысы ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындарында таеквондодан І орын алып, жеңімпаз атанды. Жамбыл облысы ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындары бойынша қыздар арасында +44 кг  салмақ дәрежесінде ІІ орын алған. «Сүйіліш батырды» еске алуға арналған  таеквондодан (WT) балалар мен кадеттер және жастар арасындағы ҚР-ның Ашық турнирінде +51 кг салмақ дәрежесінде І орын алған жеңімпаз.
      Сүйікті ісі: Таэквондомен айналысу, би билеу, сурет салу, тігін тігу, биссермен түрлі қолөнер бұйымдарын жасау.
      Арманы: Жоғары білім алу. Шет мемлекеттерге, Корей еліне саяхат жасау, атақты дизайнер, модельер, танымал тұлға болу.












Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости