Бауыржан Нұрбек

Рейтинг:

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН – ЖАҢҒЫРУ ДАҢҒЫЛЫ»

      «Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов: «Білімсіз адам – білтесіз шаммен тең» деген болатын. Сондықтан, білімсіз болсаң, қоғамда прогресс, жаңа бағытқа қарай өрлеу мүмкін емес. Қазіргі уақыт – адамзат биігін  ғылым, техника, ой ұшқырлығымен, біліктілікпен бағындырудың заманы. Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, білім бұлағынан молынан сусындауға ден қоюда. Жас буын өкілі ретін­де, әсіресе, «Цифрлы Қазақ­стан» бағдарламасы үшін ерек­ше қуаныштымын. Себе­бі, бола­шақ ғылыми технологияға бай­ла­нысты. Тех­нологиялық тұр­ғы­­да дамуға қол жеткізу – бас­қа са­ла­ларға да серпін бере­ді. Со­ны­мен қатар, IT бағ­дар­лама­лары шығындарды азай­тып, уақыт­ты үнемдеуге көмек­тесе­ді. Адам­дар өзара ақпарат, тауар және қызмет түрлерін алмаса алатын болады. Жастар өз күш-жігерлерін, білімдерін спорт, мәдениет, робототехника, ғылым, инновациялық жобалар арқылы өрістетуге жұмсамақ» деген ойымен бөліскен Бауыржан Нұрбек Мұратұлы 2005 жылы 5 тамызда Ақтау қаласында дүниеге келеді. 2008 жылы №54 балабақшаға барды. Аталған тәрбие ортасын тәмамдап, 2011 жылы Ақтау қаласындағы №13 мектеп-гимназиясының оқушы партасына отырды. Сапалы білімінің негізінде 2017 жылы НЗМ-не түседі. Бүгінгі күні Ақтау қалалық «ІТ мектеп-лицейінің» дарынды шәкірті. Озық ойлы үздік оқушы. 
      Дана қазақ «Асылдан асыл туады» деген емес пе?! Бауыржан Нұрбек  бойындағы адами асыл қасиеттері  ата-әжесі болмысынан дарығаны шындық. Өмірдің ащы-тұщысына шыныққан, табан ет, маңдай терімен елге танылған жандар: атасы Исабергенов Бауыржан Кенжеғұлұлы – құрылысшы-зейнеткер. Құрылыс мекемелерінде басшылық қызметтер атқарды. 2019 жылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрметті құрылысшы» медалімен марапатталған. Әжесі Бөкеева Қарлығаш Нұржанқызы – 45 жыл мектепте ұстаздық қызметтерде болды. 2002-2008 жылдар аралығында мектеп директоры болып, 2008 жылы зейнетке шыққан. 1991 жылы «Қазақстан Республикасы оқу-ағарту ісінің үздігі» медалімен наградталған  математика пәні мұғалімі. Осындай текті әулеттің ұланы Нұрбек атасы мен әжесінің тәлімді тәрбиесін көріп, еңбексүйгіш, кішіпейіл болып өсті. Әкесі Кенжеғұлов Мұрат Бауыржанұлы – «ҚаражанбасМұнайГаз»АҚ инженері болса, анасы  Бірімжанова Насихат Райымбердіқызы – «Азия-Дизайн» ЖК типографиясының  жарнама дизайнері. Апасы  Бауыржанова Жұлдыз Мұратқызы – Ақтау қаласы «IT мектеп-лицейі» ББМ 11-сыныптың үздік оқушысы. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» дегендей, математика пәнінің қыр-сырын меңгертуде сүйікті ұстазы, математика пәнінің  білікті мұғалімі Абдуллаева Нұржамал Жұмағазиқызының еңбегі зор. 
      Жетістігі: «MATHEMATICS WITHOUT BORDERS» 3-5 дәрежелі сертификаты; Қалалық олимпиадасында география пәні бойынша  Дипломы;   Жыл сайын қол жеткізген «Өте жақсы оқығаны үшін» Мақтау қағаздарының иегері.
      Сүйікті ісі: Энциклопедиялық кітаптар оқу. География, астрономия пәніне деген қызығушылығы ерекше. Музыка тыңдау. Спортпен шұғылдану, жүзумен айналысу.
      Арманы: Заманауи ағымға лайықты, жаңашыл бағыттағы ІТ маманы   болу.





Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости