![]()
«ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕР ЕР БОЛАМЫН»
«Жетістікке де жетуде қайсар мінез бен сенімділік қажет» деген ұстанымдағы талапшыл
ұл Нұрбек Талпынұлы БҚО облысы, Орал қаласында бір әулетті шадыман шаттыққа бөлеп, 2007 жылы 15 сәуірде дүние есігін ашты. Атам қазақ «Асылдан асыл туады» деген емес пе?! Нұрбектің бойындағы адами асыл қасиеттерінің бәрі ата-әжесінен дарығаны шын. Өмірдің ащы-тұщысына шыныққан, ұлағаты мол биік болмысты, немересі дегенде ішкен асын жерге қоятын атасы Досқалиев Бақыжан – «Тың жерлерді игеру» және «ҚР Тәуелсіздігіне – 10 жыл» медальдары мен Құрмет белгісі» орденінің иегері, Ауыл шаруашылығының үздігі, ізгі істерімен ел есінде сақталып қалған үлгі тұтар тұлға, абыройлы азамат болатын. Атасы көптен күткен, шексіз бақыт сыйлаған тұңғыш немересіне арнап ұланасыр той жасап, қуанышын жақындарымен бөлісіп, бір жасап қалған еді. Жүзінен нұр төгілген мейірбан әжесі Доскалиева Роза Қалмағамбетқызы – немересінің тілекшісі мен қамқоры болып жүрген асыл жан. Отбасын бәрінен жоғары қоятын бауырмал, көпшіл Нұрбектің ардақты ата-анасы – жоғары білімді маман, өз ісінің майталмандары, зиялы қауым өкілдері. Кемел ойлы, ұстанымы жоғары әкесі Доскалиев Талпын Бақытжанұлы - мен ажарына ақылы сай, шуағы мол анасы Доскалиева Анифа Муйдинжонқызы Нұрбекті өр рухты, намысты, қажырлы ұл етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Нұрбек жастайынан руханият әлеміне, өнерге жақын болып өсіп келеді. Сурет салуға деген құштарлығы зор өрелі өрен Орал қаласындағы Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы мамандандырылған №11 қазақ мектеп-интернатында 7-сыныпқа дейін білім нәрімен сусындады. Қазіргі уақыт – адамзат биігін ғылым, техника, ой ұшқырлығымен, біліктілікпен бағындырудың заманы. Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, білім бұлағынан молынан сусындауға ден қоюда. Осындай жастардың бірі – Бақытжан Нұрбек бүгінгі таңда №43 жалпы білім беретін мектепте білім баспалдақтарымен біртіндеп көтерілуде. Қызыққанын танып-білуге, іздеп табуға құштар шәкірт мектепішілік пән сайыстары мен интернет арқылы қашықтықтан өткізілген интеллектуалдық жарыстардың
![]()
жеңімпазы. Оқу-білімге ынталы ұлан математика және ағылшын тілі пәндерін сүйіп оқиды. Салауатты өмір салтын ұстанатын жігерлі шәкірт спортқа да біртабан жақын. Ұстамды, сабырлы, тәрбиелі, бір сөзді болып өсіп келе жатқан Нұрбек бұл күнде – білімқұмар, ізденімпаз шәкірт, отбасының үкілеген үміті мен шамшырағы, сыныбының мақтанышы. Жауапкершілігі мол, тиянақты шәкірт мектеп бағдарламасын игеріп, алдына мақсат қойып, соған жету жолында бар күш-жігерін жұмсауда. Заман талабына сай жан-жақты жетіліп келе жатқан Талпынұлы Нұрбектің жеткен жетістіктері аз емес, алда талай толайым табыстарға қол жеткізері анық.
Жетістігі: Бақытжан Нұрбек – ағылшын тілі мен информатика пәндері бойынша түрлі дәрежедегі білім бәйгелерінің І және ІІ орын жүлдегері. Білуге, білімге ынтық шәкірт 2017 жылы Орал қаласында өткен Республикалық қайрымдылық грант балына белсене атсалысты. Сондай-ақ 2019 жылы «KZ.FILM» продюсерлік орталығы түсірген екі фильмде басты рөлдерді сомдап, ерекше өнерімен көпшілікке танылды.Қалалық «Юниор» футбол мектебінің белсенді ойыншысы Нұрбек аяқ доптан команда арасында «Үздік ойыншы» атанып, І-ІV орындарды, ал баскетбол спорты бойынша жүлделі І орынды жеңіп алып, мерейі үстем, мәртебесі биік болды.
Сүйікті ісі: Шытырман оқиғаларға толы хикаяларды оқу, шет тілдерін меңгеру, отбасымен бірге уақыт өткізу, сурет салу, табиғат аясында демалу.
Арманы: Еліміздің мақтан тұтар тұлғаларының бірі болу. Атақты архитектор атанып, таза су мәселесін шешетін зауыт салып, ел игілігі үшін қызмет ету.