Бақыт Мұғтасим

Рейтинг:

«ЖАСТЫҚ ЖІГЕРІМ ЖЕҢІСКЕ БАСТАЙТЫНЫНА СЕНЕМІН»
 
      Қажырлы, ұлтжанды, өр рухты ұлан Бақыт Мұғтасим Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында 2007 жылы 11 мамырда өмір есігін ашқан. Мұғтасимнің өнегелі отбасы салауатты өмір салтын ұстанады. Отбасының алып бәйтерегі атасы Атаниязов Бақыт Сартбекұлы   мен шапағаты мол әжесі Мәзболдық Базарбайқызы  – еңбегінің зейнетін көріп отырған жандар. Асқар тау әкесі Жанат Бақытұлы мен жайдары жүзді  анасы Дүнгенбаева Перизат Акимжанқызы – жарасымды жұп.  Бауырмал, көпшіл Мұғтасимнің арқа сүйер ағасы Жамбыл Бақытұлы – мұғалім әрі бапкер. Ізінен ерген Айгерім, Мұслима, Райан есімді бауырлары бар. Тумысынан алғыр, ерекше дарынды бала Мұғтасим – қаладағы баспасөз беттері арқылы көпшілікке танымал болған дарынды жастың болашағы жарқын болмақ. Білім әлемінде және спорт саласында биік белестерді бағындырып жүрген ұлағатты ұлан жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмақ емес. Ойы ұшқыр, талғамы жоғары жасөспірім спорттың бірнеше түріне қатысып, білім көкжиегін бағындырып, сынып белсендісі, мектептің маңдайалды оқушыларының алдыңғы қатарында
      Жетістігі: «Ақбөбек» балалар сауықтыру лагерінің және педагогикалық ұжымы атынан қабілетті Мұғтасимнің ата-анасына Алғыс хат жолданды. Мұғтасим Мектепішілік 1-2 сыныптар апталығында өткен «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді» спорттық сайысының ІІІ орын жүлдегері; «Балалар Интеллектуалдық Клуб» жобасы бойынша математика пәнінен қашықтық олимпиадасының ІІІ орынмен Дипломын алған. 2015 жылы «Көңілді старт» спорттық сайысында «Жүгіру кедергілермен» номинациясы бойынша және «Олимпия» спорттық мерекесінде жалпы есепте І орын жүлдегері. «Олимпия» СМ Тоғызқұмалақтан жекелей біріншіліктің Грамотасын иемденген. «Білім кілті – бастауышта» атты онкүндікте «Шымыр жігіт» номинациясын иемденген. 2016-2017 оқу жылында «Әдемі жазу да өнер» тақырыбындағы «Үздік күнделік» сайысында ІІ орынға ие болды. 2017 жылы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасына арналған 10-18 жас арасындағы қалалық Ашық турнирінің және мектеп оқушылары арасында өткізілген Үстел теннисінен І орын жеңімпазы, Мадақтама иегері. 2019 жылы Жаңаөзен қаласының 1998 жылғы және одан төмен жастар арасындағы «Үстел теннисінен» өткізілген командалық жарыстың І орын жеңімпазы. 2001 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасында өткізілген жұптық жарысында І орын, 2004 ж.т. және 2006 ж.т. одан кіші жасөспірімдер арасында өткізілген Чемпионатының жүлдегерлер құрамында және жекелей жарысының  І орын алған жүлдегер. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «мектеп-лицейі» КММ-сі әкімшілігі атынан ата-анаға Алғыс хат; ҚР Конституциясы күніне орай (ұлдар) арасындағы қалалық шахматтан 4-орын; ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай өткізілген «Шахмат» сайысынан 2-орын; Мектепішілік шахмат жарысында ІІ орын; Қалалық «Ақбозат» турнирінде ІІ орын; Ағылшын тілі пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиададан облыс бойынша І дәрежелі Диплом, аудан бойынша ІІ орын; Қазақстан тарихы пәні бойынша қашықтық олимпиададан І орын; «Үздік оқушы 2019» номинациясымен марапатталған. Үстел теннисінен Маңғыстау облысы чемпионатында ІІ орын; Мектепішілік олимпиадада тарих пәнінен І орын иегері; Халықаралық гроссмейтер Дәрмен Сәдуақасов кубогына оқушылардың ІХ Республикалық шахмат турниріне қатысушысы Сертификаты. 2019 жылы «1 маусым – Балаларды қорғау» күніне орай үстел теннисінен өткізілген 2005-2007 ж.т. жасөспірімдер арасындағы қалалық ашық турнирінің жекелей және жұптық өнер көрсету бойынша  І орын жеңімпазы. Бақыт Мұғтасим Үстел теннисінен І разряд иемденген жеңімпаз жастың әлі талай жеңіске жетіп, ата-анасы мен ұстаздарына қуаныш сыйлайтынына сенімдіміз.
      Сүйікті ісі:  Білімін жетілдіру, спортпен айналысу, қолөнермен айналысу.
      Арманы: Олимп шыңдарын бағындырған жеңімпаз атанып, жоғары білімді білікті маман болып, Ұлы Қазақ Елінің мақтанышына айналу.





















Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости