«ЛОГИКАЛЫҚ ОЙДЫҢ ЖҮЙРІГІ»
Заман ағымына сай бүгінгі уақыт шеңберінде білім беру мен оқытудың жаңа технологиясы оқу бағдарламаларына еніп, жас буынның жан-жақты қалыптасуына өзіндік ізін қалдырып келеді. Сондай жас өреннің логикалық-танымдық қабілетін дамытатын заманауи білім жобалары – виртуалды мектеп, менталды арифметика курсы мен ІТ бағдарламалары. Осындай курстардың қатысушысы, логикалық ойдың жүйрігі, еңбекқор жас Жандос математика пәніне қабілетті. Дарынды шәкірт қосымша тілдік сауаттылығын жетілдіріп, ағылшын тілі курсына да қатысады. Спорттың бокс түрімен де айналысады. Одан бөлек шығармашылық келбетін
қалыптастыру мақсатында, дикторлық-жүргізушілік курстарға да қызығушылығы ерекше. Осы орайда, У.Шекспир: «Жетістікке жетудің үш ережесі бар: өзгелерден артық білу; өзгелерден көп еңбектену; өзгелер күткеннен азға үміт арту», – дейді. Көңілге қонымды, мазмұнды ой. Өзінің уақытын тиімді пайдалана отырып, білімнің тереңіне сүңгуде тер төгіп жүр. Әр жаңа оқу жылында түрлі байқаулар мен жобаларға қатысып, сан алуан жетістіктерге жетіп келеді. Дарынды ұлан 2007 жылы 17 тамызда Атырау қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда физика-математикалық бағытта терең білім беретін ІТ лицейінің 7-сынып оқушысы. Өнерлі отбасының парасат иесі, атасы Сағынаев Базарғалидің арқа сүйер азаматы. Ардақты әжесі Алимова Алмагүл кондитер-повар, көптеген кафелерде басшылық қызметте болған, бірақ дүниеден ерте озады. Әжесі домбырамен ән салып, өз ортасында беделді жан болған. Жанұяның қамқоршысы, тірегі, әкесі Сагинаев Исламбек «BONATTI» компаниясының маманы болса, аяулы анасы Малимова Карылғаш – кәсіби шаштараз. Ақылшы апасы Айнаш Д.Нүрпейісова атындағы Өнер академиясының 2-курс студенті. Жандос – ерке мінезді інілері Амир мен Дамирге қамқоршы аға.
Жетістігі: Халықаралық қашықтық олимпиадасының «Инфоурок» жобасы «Окружающий мир» пәні бойынша І дәрежелі Диплом иегері; Республикалық олимпиаданың І кезеңінде математика пәні бойынша І дәрежелі Диплом жеңімпазы;
«Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ Каникулярлық мектеп және Виртуалдық мектеп жобаларына қатысқаны үшін сертификат иесі;
«MODERN CITY» клубы бокстан жолдастық кездесуде І дәрежелі Диплом жеңімпазы атанған.
Сүйікті ісі: Бокс, футболмен айналысады. Суға жүзгенді ұнатады.
Арманы: Теледидар мен баспасөз саласында диктор-журналист болуды армандайды. Жүрек түкпірінде ұшқыш болу да орын алған.