Бағытжан Еркеназ

Рейтинг:

«ТЕК ҚАНА АЛҒА!»

      «Армансыз адам – ормансыз бұлбұл» дейді қазақ халқы. «Арман» атты арғымақтың шабысына ілесіп, болашаққа жарқын жүзбен бет бұрамын. Өз арманым туралы айтатын болсам, балалық жүрегімде салмақты орын алған. Қауырсын құстың қанатындай сол армандарымның тізбесі  – жер бетінде тыныштық пен бейбітшілік орнап, адамзат баласы бойынан мейірімділік пен қайырымдылықтың қасиеті жоғалмаса деймін. Жасампаз Қазақстан аспанында бейбітшілік көгершіні қалықтай ұшып, алтын күнмен шағылысқан бәйтеректің ұшар басына «мәңгілік ұясын» салған  қыран құстың қанаты тегеурінді  болып, қазақ елінің тәуелсіздігі ғұмырлы болатынына сенемін. Отбасымның атадан балаға жалғасын тауып келе жатқан сыйластығы мен  бақытты өмірі туралы армандаймын. Дөңгеленген дүниеге саяхат жасап, әлем халықтарының әдет-ғұрпы, салт-санасымен танысып, ілім-білімімді жетілдіре түссем.  Ең бастысы, сапалы білім алып, білікті де білгір маман иесі атанып, халқыма адал қызмет еткім келеді. Қай арманыма қолым жетіп, қай арманым мені өмір бойы алға   жетелейтінін білмеймін, бірақ бір білетінім – армандарымның орындалуы өз қолымда. Ол үшін жақсы оқып, алға ұмтылу керек. Бір орында отыра берген адамның арманы түгіл, ісі де алға баспайды емес пе?! Сондықтан менің өмірдегі ұстанымым – «Тек қана алға!!!» – дейді ақ арман құшағында тербелген ару  Еркеназ. Жасұланқызы Еркеназ 2011 жылы 7 наурызда Атырау облысы, Құлсары қаласында дүниеге келді. Қазіргі таңда Атырау қаласында тұрады. Балалық шағы  Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылында ақ папасы Ғалымжанның шаңырағында ақ мамасы Раяның жанында өтті. Хамит Ерғалиев атындағы №35 мектеп-гимназиясының даярлық тобына барған Еркеназ 2017 жылы 1-сыныптың оқушы партасына отырады. Сынып жетекшісі жоғарғы санатты Дүзбаева Назгүл Назарғалиқызының болашағынан зор үміт күтетін озат шәкірті. Сапалы білімімен қатар өнер айдынында ерекшеленіп жүрген Еркеназ би билегенді ұнатады. Өнерде  шекара болмайды. Ән мен би өнері тілсіз-ақ адам санасын билеп, еріксіз өз әлеміне жетелейді. Би өнеріне жетелеген ұстазы Арайлым Амангелдіқызы. Қазақ би өнеріне өзіндік үлесін қосуда табандылық танытып жүрген талантты биші бүлдіршін Республикалық, Халықаралық жарыстарға қатысып,  қазақ би  өнерінің өміршеңдігін еселей түсуді мақсатына балайды. «Дархан» өнер мектебінің би үйірмесіне қатысады. Қазыналы қариясы бар үлкен әулетте тәрбиеленіп, өсіп келе жатқан шөбересі Еркеназдың Құндыз әжесі үшін орны ерекше. Отбасында даналық пен парасаттылықтың үлгісі болып отырған атасы Бағытжан мен әжесі Маут, қос бәйтерегі әкесі Жасұлан мен аяулы анасы Алтынай Еркеназдың болашағы жарқын боларына сеніммен қарайды. Еркеназдың бойындағы   өнерге деген ерекше ынтасы руханият әлеміне жақын дарынды, өнерлі нағашыларынан дарығаны анық. Өнерлі өрен қамқор ағасы Еркебұлан, жанашыр апасы Әсел және ерке інісі Ерсұлтанмен бақытты шаңырақ астында келер күнге сеніммен қарап, жыл санап жан-жақты жетіліп келеді.
      Жетістігі: «Өте жақсы оқығаны үшін» Мақтау қағаздары; Халықаралық ПОНИ конкурсының сертификаты; Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен қазақ тілі олимпиадасындағы үздік білімі үшін І  дәрежелі Диплом жеңімпазы; Республикалық дәстүрлі интернет олимпиада сайты математика пәнінен ұйымдастырылған онлайн олимпиаданың І орын жүлдегері; «DARKHAN» Өнер студиясының «ЖЫЛ ҮЗДІГІ» номинациясы; Мектепішілік «Алтын жүректі анамыз» атты көркем сөз сайысында І дәрежелі Мадақтама; «МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ» Республикалық рухани-патриоттық байқауында Бас Жүлде Дипломы; Мектепішілік «Әнші балапан» байқауында ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. 
      Сүйікті ісі: Би билегенді ұнатады. Көркем әдеби кітаптар оқиды.
      Арманы: Білімді, елін сүйетін үлкен тұлға атануды қалайды.







      



Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости